Математика, физика және информатика факультеті |
20.11.2020
Шахмат турнирінің жеңімпаздары анықталды
2020 жылдың 14-18 қараша аралығында Халықаралық студенттер күніне орай Математика, физика және информатика институтының «Garde» шахмат клубы студенттер арасында шахматтан онлайн форматта ұйымдастырған турнир өз мәресіне жетті.
Онлайн-турнирге 75 студент қатысып, жеребе тасталды. Нәтижесінде ойыншылар 8 топқа бөлініп, институтымыздың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жасұлан Мұхашев «Lichees online» бағдарламасында тікелей бақылап отырды. Ойын жеңімпаздары анықталғаннан кейін Zoom платформасында Хамраев Шерипидин, Біргебаев Ақтай, Уәлиев Заир және Мұхашев Жасұланның қатысуымен марапаттау рәсімі өтті.
Турнир қорытындысы бойынша І-ші орынды Сапарбаев Жарас (2 курс студенті), ІІ-ші орынды Ахмет Нұрсұлтан (1 курс магистранты), ІІІ-ші орынды Құмарханова Әсия (3 курс студенті), ІV-ші орынды Аңсар Әділбек (1 курс студенті) иеленді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|