Математика, физика және информатика факультеті |
20.05.2020
Онлайн режиміндегі «Талапкер - 2020» Ашық есік күні
2020 жылы 18 мамырда Математика, физика және информатика институты мектеп бітіруші түлектерге кәсіптік бағдар беру мақсатында онлайн режимде «Талапкер - 2020» Ашық есік күнін өткізді. Ұйымдастырушылар - Абай атындағы ҚазҰПУ МФИИ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жасулан Мұхашев, «Математика және математикалық модельдеу» кафедрасының оқытушысы Айғаным Рысбек, «Физика» кафедрасының оқытушысы Майра Мырзатай.
Іс-шараға Абай университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры Асан Сатмырзаев, кафедра меңгерушілері, профессор-оқытушылар құрамы, облыстық, аудандық және қалалық Білім департаментінің басшылары мен өкілдері, мектеп директорлары, мұғалімдер мен 150-ге жуық бітіруші түлектер (Нұрсұлтан қаласы, Алматы қаласы, Шымкент қаласы, Қарағанды қаласы, Алматы облысы, Ақмола облысы, Түркістан облысы) қатысты.
Кіріспе сөз университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры Асан Сатмырзаевқа берілді. Математика, физика және информатика институтының директорының ғылым және халықаралық байланыс қызметі жөніндегі орынбасары Зайыр Уалиев, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шерипидин Хамраев, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жасулан Мұхашев, физика кафедрасының оқытушысы Мөлдір Алиева, информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының оқытушылары Шолпан Уразбаева, Жәзира Марат презентация дайындап, институттың қазіргі дамуы, оқу процесі туралы, білім алушыларға берілетін жеңілдіктер, тәрбие жұмыстарының бағыттары мен ерекшеліктері, сондай-ақ, «Талапкер-2020» қажетті құжаттар тізімі бойынша толық ақпарат берді. Мектеп директорлары орынбасарлары мен оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|