қазақша · русский · english
 
 
 
24.02.2017
2017 жылдың 22 ақпанында халықаралық білім беру кластерінің аясында Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының ПОҚ, докторанттары мен магистранттарының, В.П. Астафьев атындағы КМПУ-дың ПОҚ, сонымен қатар Ачинск қаласының №1 лицейі, Ш.Уалиханов атындағы мамандандырылған №12 гимназия, С.А. Ходжиков атындағы №39 лицей, Тұран мектеп-лицейі, «Жаңа ғасыр» №175 гимназия және химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қатысуымен кіріспе мегасабақ өтті.

30.01.2017
Университетіміздің бір топ, профессор Есен Ықласұлы Бидайбеков бастаған жас ғалымдары: Бостанов Б.Ғ., Үмбетбаев Қ.Ү., Сәлғожа И.Т., Жақсылықов Ә.Е., Төребекова Р. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде үстіміздегі жылдың қаңтар айының 26-27 күндері болып өткен «Заманауи ғылым және білімнің өзекті мәселелері мен инновация тенденциялары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қытысып қайтты.

22.11.2016
Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының меңгерушісі профессор Е.Ы. Бидайбеков пен аға оқытушы Б.Ғ.Бостановтың жетекшілігімен жасалған ғылыми жобалар, яғни Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары математика пәні бойынша Тұрсынғали Сұңқар және Толеков Бекзат «әл-Фарабидің геометриялық салу есептеріне және тригонометриясына байланысты» тақырыптарда ғылыми жұмыстар жазып, бірінші және екінші орындарды иеленді.

16.06.2016
Математика, физика және информатика институты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Физика-математика ғылымдарының кандидаты, университет профессоры Біргебай Ахтай 2016 жылдың 19 мамыр күні жаратылыстану және география институтының профессоры, п.ғ.к. Ж.Б.Шілдебаевпен бірге Құлжа қаласындағы Іле педагогикалық институтында болып, ең бірінші Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық институтымен екі жақты келісімшарт бойынша құрылған Абай орталығының жетекшісі Жанар Бейісбековамен жолығып орталықтың жұмыстарымен танысты.

25.03.2016
Халықаралық білім беру кластері аясында 2016 жылдың 16 наурызында тұңғыш рет Қазақстан мен Ресейде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы, Қазақстан), В.П. Астафьев атындағы Красноярск мемлекеттік педагогикалық университеті (Красноярск, Ресей), Лесосибирск педагогикалық институты - Сібір федералдық университеті филиалы (Лесосибирск, Ресей) және Алматы, Красноярск, Лесосибирск және Ачинск қалаларының бірқатар мектептерінің базасында және де IT-бизнес өкілдерінің қатысуымен көрсеткіш эксперименттік мега-сабақ өткізілді.