қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
24.01.2022

Педагогикалық мамандықтар оқытушыларын 3 курс студенттерін дуальды оқытудан өтуге дайындау


2022 жылғы 17-21 қаңтар аралығында «Қысқы мектеп - 2022» жоспарына сәйкес Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогикалық шеберлік орталығы педагогикалық мамандықтар оқытушыларын 3 курс студенттерін жаңартылған білім беру мазмұны бойынша педагогикалық практикадан өтуге дайындауға байланысты «2021-2022 оқу жылында педагогикалық мамандықтардың 3 курс студенттерін қашықтықтан оқыту форматында дуальды оқытуды ұйымдастыру үшін Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушыларын даярлау» тақырыбында 40 сағаттық қазақ және орыс тілдерінде қашықтан оқыту режимінде курс өткізілді.

 

Курсқа педагогика және психология, жаратылыстану және география, математика, физика және информатика, филология және көптілді білім беру, өнер, мәдениет және спорт институттарыннан 32 оқытушы қатысты.

 

Орталық оқытушылары Оракова А.Ш., Корнилова Т.Б. курсқа қатысушыларды педагогикалық мамандықтардың 3 курс студенттерін қашықтан оқыту форматында педагогикалық практикадан өту үшін әдістемелік қолдау көрсетуде 2021-2022 оқу жылында басшылыққа алынатын нормотивтік-құқықтық құжаттармен, жаңартылған білім беру жағдайында білім сапасын қамтамасыз етуде оқу процессін ұйымдастырудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдерінің ерекшеліктерімен таныстырды. Олар коучинг және тәлімгерлікті тәжірибеге енгізудің, Lesson study мен Action research процесін ұйымдастырудың мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсетудің артықшылықтары мен тәсілдерін талқылады.