Негізгі бет /
БАҚ біз туралы
14.01.2022 Абай атындағы ҚазҰПУ еріктілері халыққа қажетті көмек көрсетуге дайын
«Акселератор добра: Izgilik elshisi» ұлттық еріктілер қозғалысы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты толық қолдайды. Мемлекетіміз үшін қиын сынақтар кезінде ел Президенті өзінің қайсарлығын, халқына деген патриоттық рухын көрсетті.
Өз кезегінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Сорбонна-Қазақстан институтына қарасты «Акселератор добра: Izgilik elshisi» еріктілері тұрғындарға құқықтық көмек көрсетуге және азық-түлік жеткізуге бірлесіп, волонтерлік қызмет көрсетуге дайын екендіктерін білдіреді.
Халыққа мүмкіндігінше ерікті көмек көрсетуге мүмкіндігі бар барлық ниет білдірушілерді қатарымызға қосылуға шақырамыз.
Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондар бойынша хабарласыңыздар: +7 707 308 4949; + 7 702 541 8842; + 7 705 222 1025
14.01.2022 ж. Ақпарат көзі: qazaq1913.com |