қазақша · русский · english
 
 
 
 Жетібай Рақымберді Қажығалиұлы
Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент директоры
PhD
Қазыбек би көшесі, 30/1, 5 кабинет
 291-90-14, 8-775-267-07-49
r.zhetibay@abaiuniversity.edu.kz

 Шалабай Альбина Тлеуханқызы
Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент директорының орынбасары
Магистр
Қазыбек би көшесі, 30/1, 9 кабинет
 8-776-606-85-95
a.shalabai@abaiuniversity.edu.kz

 

Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департаменттің мақсаты:

Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу;

білім алушыларды гуманитарлық, рухани және әлеуметтік тұлға, кәсіби тұлға ретінде дамыту, өзін-өзі дамыту үшін қолайлы орта мен оңтайлы жағдайлар жасау арқылы білім беру ұйымындағы тәрбие деңгейін арттыру;

білім беру үдерісі субъектілерінің психологиялық денсаулығын қолдау және нығайту, білім беруді ұйымдастыруда қолайлы психологиялық климат құру және оқу-тәрбие процесіне  қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету;

қоғамда жастар саясатын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жүргізу.

Міндеттері:

Студенттердің мәдени көкжиегін кеңейту, олардың жоғары моральдық қасиеттері мен эстетикалық талғамын қалыптастыру;

білім алушылардың бос уақытын тиімді пайдалануға және тұлғаның үйлесімді дамуына жәрдемдесу, мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру;

студенттерде адамгершілік, рухани және мәдени құндылықтарды, қажеттіліктерді, этикалық нормаларды және Қоғамдағы жалпы қабылданған мінез-құлық ережелерін қалыптастыру;

қоғам студенттерінің өздеріндегі жеке қабілеттері мен зияткерлік әлеуетін іске асыруы үшін жағдай жасау;

білім алушылар үшін шеберлік сыныптары мен семинар-тренингтер ұйымдастыру;

әр адамның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттері мен дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістікті қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету;

студенттердің асоциалды және аутодеструктивті мінез-құлық көріністерінің алдын алу және анықтау;

студенттердің бейімделу мәселесінде әлеуметтік-психологиялық үрдістерді ұйымдастыру;

студенттердің эмоционалдық-психологиялық қиындықтары мен мәселелерін алдын-алу және шешу үшін психодиагностика, психокоррекциялық жұмыстарды жүзеге асыру;

студенттердің позитивті өмірлік ұстанымын қалыптастыру;

студенттермен тиімді кәсіби қызмет пен жетістікке жету үшін қажетті психологиялық біліммен бөлісу;

Қоғам басшылығына корпоративтік мәдениетті нығайтуға көмектесу;

психологиялық қолдау қызметінің негізгі бағыттары бойынша студенттерді, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды және профессор - оқытушылар құрамын психологиялық қолдау қызметі туралы ақпараттармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

студенттерге оқу қиындықтары мен әлеуметтік-эмоционалдық проблемаларды жеңуде психологиялық қолдау көрсету;

Басқарма Төрағасы - Ректорымен жүктелген міндеттерді, жарғылар мен бұйрықтарды орындау;

Қоғам Жарғысының талаптарын, Ішкі тәртіп және жатақханада тұру ережелерін, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың студенттері мен магистранттарының Әдеп кодексінің негізгі ережелерін орындау бойынша студенттермен жұмыс жүргізу;

Департаментқа келіп түсетін студенттердің барлық арыз-талаптары мен өтініштерін дер кезінде қарастыру;

Департаменттің Ережесі мен оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес жұмыс жүргізу;

Студенттердің әлеуметтік маңызы бар ұсыныстарын қолдау;

Студенттердің әлеуметтік тұрмысына және оқуы мен демалысына қажетті жағдайларды жасауға ықпал ету.

Функциялары:

Қоғам студенттерімен мәдени-бұқаралық, спорттық-сауықтыру және тәрбие жұмысының жылдық жоспарларын әзірлеу, олардың орындалуын қамтамасыз ету;

мәдени-бұқаралық жұмысты жақсарту, патриоттық тәрбие, құқық бұзушылықтардың және экстремизмнің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, толеранттылық пен ұлтаралық келісімге тәрбиелеу бойынша түрлі іс-шаралар өткізу;

Қоғамның институттары мен бөлімшелері ұйымдастыратын тәрбие жұмысына талдау жүргізу;

тәрбие, әлеуметтік жұмысты ұйымдастырудың озық әдістері мен нысандарын практикаға енгізу;

Қоғамдағы студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту;

студенттер мен магистранттардың жыл сайынғы медициналық тексеруден өтуін ұйымдастыру;

әлеуметтік осал студенттердің базасын қалыптастыру және осы бағыт бойынша жұмысты үйлестіру;

Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтарын дамыту және насихаттау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

тәрбие, әлеуметтік жұмыс мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар дайындау және жариялау;

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұсынған әдістемелік аясында қызмет атқару, әлеуметтік мәселелер бойынша жол карталарын даярлау, тәрбие бағытында атқарылатын шараларды Қоғам басшылығының келісімен ұйымдастыру.

 

Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департаменттің 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспары

 

«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғам білім алушыларының әдеп кодексі

 

Болашақ педагог анты

 

«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғам білім алушыларының оқу ақысына жеңілдік беру туралы тәртібі


Білім алушылар мен басқа да «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КЕАҚ жатақханаларында тұру қағидалары