|
| |
Кафедра мүшелері жалпы білім беретін қазақ орта мектептеріне арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік еңбектер жазумен айналысуда. Айталық, профессорлар Б.Әбдіғазиұлы мен Б.Смановтың қосалқы авторлықта жазған 10 сыныптың жаратылыстану-математикалық бағытына арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығы «Мектеп» баспасынан 2002 жылдан бері шығып келеді. Оқулық бүгінге дейін өңделіп, толықтырылып бес рет қайта жарық көрді.
Профессор Б.Смановтың 11 сыныптың қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарына арналған «Қазақ әдебиеті» оқу-әдістемелік құралы 2000 жылдан бері «Мектеп» баспасынан төрт рет басылып шығарылды. Сондай-ақ, профессор Б.Смановтың «Ұлттық тәрбие және дін мәселесі» (2011) оқу құралы, «Алпыстың асуындағы ойлар» (2012), «Молда Қошық датқа» (2013), «Мәлік Ғабдуллин: әдеби мұралары», 2 томдық (2014, 2015, авторлық бірлестікте), «Көркем шығарманы талдау негіздері» (2016), 2 томдық «Арналы ағыстар» (2017) атты ғылыми-танымдық, оқу-әдістемелік еңбектері, монографиялары жарық көрді.
Профессор Т.Тебегеновтің «Тәуелсіздік дәуіріндегі жаңа қазақ әдебиеті» (2013), «Халық ақындары шығармаларындағы әдебиет пен фольклор дәстүрі» (2015), «Сүйінбай Аронұлы шығармашылығы» (2015), «Абай дәстүрі және қазақ әдебиеті» (2009), «Түркі халықтарының әдебиеті» (2009), «Әдебиет тарихы» (2014), «Абайтану ұлағаты» (2013), атты оқулықтары мен оқу құралдары жарық көрді.
Профессор Т.Жұмажанованың 9,10,11 сыныптарға арналған «Қазақ әдебиеті» (2013), «Әдебиетті оқыту әдістемесі» (2009), «Аударма шығармаларды оқытудың тиімді жолдары» (2005), «Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұн» (2015), «М.Фрагидің өмірі мен шығармашылығын оқыту» (2016), «Әдеби мәтіндерді студенттерге меңгертудегі дәрісханадан тыс жұмыстарды ұйымдастыру» (2011), «Әдебиет пәні бойынша студенттерді педагогикалық іс-тәжірибеден өткізу» (2009), «М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығын оқытудың кейбір жолдары» (2007) атты оқулықтары мен оқу құралдары жарық көрді. Сондай-ақ, профессор Т.Жұмажанова 5-7 және 10-11 сыныптарға арналған «Қазақ әдебиеті» оқу бағдарламалары мен «Жоғары оқу орындарындағы «Қазақ әдебиеті» пәні электрондық оқулықтарының мазмұндық жүйесі (2012), «Қазақ әдебиті пәні бойынша ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығын оқытуда «Сандық білім қырларын пайдалану жолдары» (2013) атты әдістемелік құралдары авторларының бірі.
Кафедра оқытушысы, филология ғылымдарының докторы С.Асылбекұлының «Қазақ мәдениеті - қазақ мемлекеттігінің жүрегі (2003), «Қазақ повесі: генезисі, эволюциясы, поэтикасы» (2015), «Әңгімелер повестер» 1-том (2008), «Повесть, әңгімелер, пьесалар» 2-том (2018), «Рәбиғаның махаббаты» (2015) монографиялары, шығармалары мен оқу құралдары басылып шықты.
Кафедра оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Марат Бекбосыновтың «Тәуекел мен батыр ой (әдебиет тарихындағы азаттық танымдары)» атты монографиясы, «XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті. I бөлім» атты оқу құралы, «Шәкәрім тағылымы» атты ғылыми-педагогикалық көмекші оқу құралы, «Абай дәуірі және Мәшһүр-Жүсіп романтизімі» атты монографиясы, халықаралық, республикалық, аймақтық деңгейдегі ғылыми конференциялар мен басылымдарда 250-ден аса әдеби-ғылыми баяндамалары, мақалалары жарық көрген. Сондай-ақ бірнеше әдістемелік оқу құралдарының да авторы.
Доцент Б.Т.Қабатай 1998 жылдан жаңа буынға арналаған «Әдебиеттік оқу» (2,3,4 - сыныптар) пәні бойынша оқу-әдістемелік кешенінің авторы. 2017 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі бұйрығымен жаңартылған білім бағдарламасына орай «Атамұра» баспасынан жарияланған Б.Т.Қабатайдың 2-сыныпқа арналған «Әдебиеттік оқу» оқулығы, мұғалімдерге арналған әдістемелік құралы, хрестоматиялық және электронды оқу құралы базалық деп танылып, республика мектептеріне таратылды.
Кафедра оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Д.Сатемированың «Ерімбет Көлдейбекұлының әдеби мұрасы» (2006), «Жыраулар поэзиясы» (2007) атты монографиясы мен оқу-құралы жарық көрді.
Кафедра оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Р.Б.Бораштың ғылыми-педагогикалық мамандар даярлауда «Драматургиялық шығармаларды оқыту» (2009), «Әдеби жанр түрлерін оқыту» (2018), «Шаш сөзіңді өлеңмен» (2018), 3-4 курс бакалавр мамандығына «Өндірістік-педагогикалық практиканы ұйымдастыру бойынша Әдістемелік нұсқау» (авторлық ұжыммен) оқу -әдістемелік құралдары жарық көрді.
2017-2018 оқу жылына арналған Элективті пәндер каталогы: 5В012100 - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
2017-2018 оқу жылына арналған Элективті пәндер каталогы: 5В020500- Филология
2017-2018 оқу жылына арналған Элективті пәндер каталогы: 6М020500 - Филология
2017-2018 оқу жылына арналған Элективті пәндер каталогы: 6М012100 - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
2017-2018 оқу жылына арналған Элективті пәндер каталогы: 6М021400 - Әдебиеттану
2017-2018 оқу жылына арналған Элективті пәндер каталогы: 6D020500 - Филология
2017-2018 оқу жылына арналған Элективті пәндер каталогы: 6D021400 - Әдебиеттану
|