қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
10.12.2021

«Менің болашақ мамандығымның таңдауы»

тренинг-семинары

 

2021 жылдың 9 желтоқсанында Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласынің Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде кəсіби бағдар жұмыстарын жүргізу мақсатында Мектепке дейінгі, əлеуметтік педагогика жəне өзін-өзі тану білім беру бағдарламаларының Ұ.Б. Төлешова, Б. Аубакир, және С..Ж. Еркебаевалардың ұйымдастыруымен «Менің болашақ мамандығымның таңдауы» тақырыбында тренинг-семинары өтті.

 

Тренинг-семинарына шақырылған арнайы қонақтар Мектепке дейінгі, əлеуметтік педагогика жəне өзін-өзі тану білім беру бағдарламаларының жетекшісі, қауымдастырылған профессор У.Қ. Қыяқбаева, аталған ББ-ның профессорлары. Г.Т. Абитова, Г.Т.Абылбакиева, А.Ж. Жакупова.  Сондай-ақ Есік гуманитарлық-экономикалық колледж директоры А.А.Жылкыбаев пен Мектепке дейінгі, əлеуметтік педагогика жəне өзін-өзі тану білім беру бағдарламаларының жетекшісі п.ғ.к., қауымд. профессор У.Қ. Қыяқбаевамен екі жақты меморандумға қол қойды.

 

Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және негізгі орта білім беру» бөлімінің меңгерушісі Ж.Д. Рашева, Өзін-өзі тану және педагогика, психология пән циклдік коммисияссының жетекшісі  Ж.Е. Санымбаева және оқытушылары семинар - тренингке белсене қатысты.

 

«Мен және менің ұжымым» атты тренинг модераторы Төлешова Ұлмекен  колледж студенттеріне болашақ мамандық таңдаудағы түрлі сұрақтар мен толғандырып жүрген  ойларымен бөлісіп, өздерін жан- жақты қырынан көрсете білді.

 

Іс-шараның мақсаты - педагогикалық жоғарғы оқу орындары мен колледждері арасындағы сабақтастықты арттыру және педагогикалық мамандықтарды кеңінен насихаттау, педагогикалық қызметтің беделін көтеру, педагогикалық жоғары оқу орнына түсуге ниет білдірушілерді қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету. Тренинг-семинар case-study, коучинг технологиясы, SWOT-талдау, оқытудың интербелсенді әдістері арқылы өткізілді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, өз ризашылықтарын білдірді.