қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
06.12.2021

Қазақстан Республикасының  

білім және ғылым жүйесін жаңғырту

 

Жоғары білікті және бәсекеге қабілетті педагогтарды даярлау қоғамның адами ресурстарының сапасын арттырудың негізгі драйвері. Осы тұрғыда Абай атындағы ҚазҰПУ Қазақстан Республикасында өткізілетін барлық білім беру реформаларына белсенді қатысады. Абай атындағы ҚазҰПУ бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында Қазақстанның Бас педагогикалық ЖОО тұрғысынан Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Білім және ғылым жүйесін жаңғыртудың ғылыми негіздері» ауқымды жобасына үлкен қызығушылықпен қатысып отыр.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жобалық командасы 1.2.3 «Әлемнің үздік тәжірибелеріне сәйкес ТжКБ жүйесіндегі педагогикалық бағытты трансформациялау бойынша зерттеу жүргізу және ұсынымдар әзірлеу» міндетін зерттеумен айналысады. Аталған жобалық топтың құрамында Университет ректоры, жоба жетекшісі Дархан Біләлов және Ғылым департаментінің директоры, профессор Ұлжарқын Әбдіғапбарова,  профессор Айман Берікханова,  қауымдастырылған профессор Әсел Стамбекова.

 

2021 жылдың 4 желтоқсанында ҚР Білім және ғылым министрлігінің   мектепке дейінгі және орта білім Комитетінің төрайымы Г.Р.Каримова алдында аталған жоба аясында зерттеу топтарының аралық есептері тыңдалды. Абай атындағы ҚазҰПУ жобалық тобының есебін профессор Ұлжарқын Әбдіғапбарова табысты баяндады, есеп ғалымдардың жоғары бағасы мен мақұлдауына ие болды.