қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
02.12.2021

 «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі»  ашық тәрбие іс-шарасы

 

2021 жылдың 30 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Жаратылыстану және география институтында «6B05205 - Экология» мамандығының 1 курс студенттерінің ұйымдастыруымен, «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» тақырыбында онлайн ашық тәрбие сағаты өтті. Іс-шараға топ эдвайзері, аға оқытушы Индира Райымбекова жетекшілік етті.


Іс-шараны Жаратылыстану және география институтының әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі жетекшісі Нұрлан Манапов ашып берді. Ол бұл іс-шараның маңыздылығын атап өтті, себебі қыз өмірдің бастамасы болып табылады. Қазақ халқында қыз ерекше орынға ие. Қазақ қызының тәрбиесі негізінде ұлттық құндылықтар жатыр. Халық арасында «Қыз - қонақ» деген сөз бар, сондықтан да қыз тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Қыз тәрбиесінде тек қыздың анасы ғана емес, барлық халық жауапты болып табылады. 


Барлық студенттер қонақтар алдында белсенді өнер көрсетіп,  қыз туралы өлең  жолдарын оқып, ән салды. Сабақ барысында студенттер дайындаған видеороликтер көрсетілді. Ашық сабақ кезінде студенттер қыз тәрбиесінің мәселелерін, қазіргі қазақ қызының бейнесі, ұлттың қалыптасуы, әйелдің қоғамдағы рөлі сұрақтарын талқылады.


Іс -шараға қонаққа жоғары санаттағы гинеколог-дәрігер Гүлжан Қуатжанова келді, ол студенттерге қыз баласының отбасылық өмірде кездесуі мүмкін мәселелері жайлы айтты. Әдетте, гинекологқа қыздар, келіншектер ауру асқынғанда келеді және оны емдеу көптеген қиындықтар туғызады. Дәрігер қыздарға міндетті түрде жарты жылда бір рет медициналық тексеруден өтіп тұруға кеңес берді. Салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды насихаттады. Студенттер гинеколог-дәрігерге әйел денсаулығы туралы өздерін ойландырып жүрген сұрақтар қойып, барлық сұрақтарына жауап алды.


Іс-шараның соңында «География, қоршаған орта және қызмет көрсету» білім бағдарламасының жетекшісі, PhD Думан Алиаскаров., доцент Жанна Тилекова, аға оқытушы Айнур Сейлхан өз пікірлерін білдірді. Думан Алиаскаров қазақ отбасындағы қыз тәрбиесі негізінде халықтың салт-дәстүрлері жатқандығын атап кетті. Қазақ халқы үшін қыз әдемілік пен сымбаттылықтың символы болып табылады. Бүгінгі қыз - ертеңгі ана. Отбасында қыздың жақсы, дұрыс тәрбиеленуі оның болашақ ұрпақ тәрбиесіндегі іргетасы болып табылады. Сондықтан, отбасында қыз тәрбиесіне көп көңіл бөлінуі тиіс.