Негізгі бет
Жаңалықтар
17.01.2017 Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылыми-инновациялық паркінің институттармен кездесуі 2017 жылдың 10-13 қаңтар аралығында ҚазҰПУ 7 институтында «Коммерциялауға кіріспе және жаңартпа стартаптары» тақырыбында жиын өткізілді.
Жиында әр түрлі бағыттағы өзара тиімді бизнес идеялар негізінде талап етілген бизнес инновацияны кәсіқой ортада құру, инновациялық стартап-жобаларды жасау және жүзеге асыру, Ғылыми-инновациялық парктің 2017 жылға мақсаты мен міндеттері, сонымен қосы «Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижесін коммерциялау туралы» ҚР заңы және ғылыми бағыттағы тиімділікті арттыратын «Ұлт жоспары - 100 нақты қадамы» бес институционалды реформаны жүзеге асыруға бағытталған басқа да заңдар, ғылым мен ғылыми-технологиялық қызметтің нәтижесін коммерциялық ынталандыру жолымен экономиканың басым секторларында инновацияны және жоғарытехнологиялық өндірісті енгізу деңгейі, ғылыми-техникалық жұмыстарға жеке кәсіпкерлікті тарту туралы мәселелер талқылынды.
|