Ғылым департаменті |
Ел тарихындағы тұңғыш жоғары оқу орны - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 95 жылдан бері білікті болашақ ұстаздар даярлау міндетін абыроймен атқарып келеді. 2023 жылы университет QS World Ranking Central Asia рейтингі бойынша үздік Топ-5 жоғары оқу орнының тізіміне еніп, Орталық Азиядағы үздік педагогикалық жоғары оқу орны болып танылды. Педагогика және білім беру саласында, сонымен қатар сапа саласындағы бекітілген саясат пен мақсаттар аясында: ұлттық тәрбие және психологиялық-педагогикалық білім беру, білім беруді цифрландыру, инклюзивті білім беру, оқытудың инновациялық әдістері, оның ішінде көптілді білім беру, латын графикасын оқыту және педагогика ғылымының басқа да бағыттары ПОҚ, қызметкерлер мен жас ғалымдардың басым ғылыми зерттеулері болып табылады.
Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылым департаменті университеттің барлық құрылымдық бөлімшелердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын бақылау мен үйлестіруді қамтамасыз ететін құрылымдық бөлім болып табылады. Мақсаты - ғылыми-инновациялық қызметтің тиімділігін арттыру, ғылыми әлеуетті және ғылыми зерттеулердің материалдық-техникалық базасын барынша толық пайдалану мен дамытуды қамтамасыз ету.
Департаменттің функциялары: - университетте ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты ұйымдастыру және жүзеге асыру; - ғылымның әлемдік жетістіктеріне сәйкес ҒЗЖ және СҒЗЖ жан-жақты дамуын қамтамасыз ету; - кафедралардың, институттардың, ҒЗИ, орталықтар мен зертханалардың ғылыми қызметін бақылау және үйлестіру; - университет қызметкерлері мен ПОҚ ғылыми жарияланымдарының сапасын арттыруды ұйымдастыру және бақылау (импакт-факторлы журналдарда, рейтингтік журналдарда және т. б.); - университет қызметкерлері мен ПОҚ жүргізген ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне қорғау құжаттарын алуды ұйымдастыру және бақылау; - университеттің және барлық құрылымдық бөлімшелердің ҒЗЖ және СҒЗЖ жоспарларының орындалу барысын үйлестіру және бақылау; - университет қызметкерлері мен ПОҚ-ның әртүрлі деңгейдегі ғылыми жобалар конкурстарына қатысуын ұйымдастыру және бақылау; - ҚР ҒЖБМ бекіткен ЖОО-ның халықаралық және республикалық ғылыми іс-шараларының өткізілу барысын ұйымдастыру және бақылау; - студенттік ғылыми үйірмелердің қызметін үйлестіру және бақылау; - магистранттар мен студенттердің түрлі конкурстарға, олимпиадаларға, ғылыми конференцияларға және т. б. қатысуын ұйымдастыру және бақылау.
Ғылым департаменті келесі бөлімдерден тұрады: 1) ҒЗЖ және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау басқармасы 2) Жобалық кеңсе; 3) Ғылымиметрия және ғылыми басылымдар орталығы; 4) Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру офисі; 5) 9 ғылыми зертхана мен STEM паркін қамтитын Абай LABS ғылыми-инновациялық паркі.
Бөлімдер өз жұмыстарын тиісті ережелер мен лауазымдық нұсқаулықтар, жұмыс жоспарлары, нысандары сапа менеджменті жүйесінде көзделген есептер негізінде жүзеге асырады. Жыл сайын Ғылыми кеңесте ҒЗЖ туралы есеп тыңдалады.
Сондай-ақ, Абай атындағы ҚазҰПУ-да Ғылыми-консультациялық кеңес, Зерттеу этикасы жөніндегі кеңес, Жас ғалымдар кеңесі және 16 Диссертациялық кеңес жұмыс істейді.
|