қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
18.11.2021

Тарих және құқық институты әлем тарихы кафедрасының 2 курс магистранттары мен докторанттары педагогикалық тәжірибеден өтті

 

2021 жылдың 11-17 қарашасы аралығында Академиялық күнтізбеге сәйкес Microsoft Teams және ZOOM білім беру платформаларын пайдалана отырып, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің Құқық және тарих институты Әлем тарихы кафедрасының 2 курс магистранттары мен докторанттары педагогикалық тәжірибиеден өтті.

 

Оқыту тәжірибесі 5 кредит көлемінде 5 аптаға созылды.

 

Педагогикалық тәжірибиені бастамас бұрын тәжірибелі оқытушылар, ғылыми жетекшілер педагогикалық тәжірибиені ұйымдастыру және өткізу бойынша бекітілген бағдарламалар мен әдістемелік нұсқауларды басшылыққа ала отырып, алдын ала 2 курс магистранттары мен докторанттарымен кездесу өткізді. Отырыс қорытындысы бойынша жеке жұмыс жоспарлары мен кестелері бекітілді.

 

Педагогикалық іс-тәжірибе барысында магистранттар мен докторанттар теориялық білімдерін тәжірибиеде қолдана отырып, жоғары мектеп қабырғасында ұстаздық дағдылары мен біліктіліктерін дамыта білді.

 

Оқыту дәрістерінде магистранттар мен докторанттар педагогикалық дидактика мен психологияның іргелі негіздерін түсінуде өз саласының кәсіби маманы екендігін білдіре алды. Тыңдалушыларды қызықтыру және олардың белсенділік деңгейін арттыру үшін жаңа цифрлық білім беру бағдарламаларын пайдалануға деген тәжірибеден өтушілер ұмтылысы атап өтілді.

 

Тәжірибе соңында магистранттар мен докторанттар есептерін комиссиясының алдында қорғады.

 

Педагогикалық тәжірибе нәтижелері бойынша магистранттар мен докторанттар педагогикалық тәжірибе онлайн және офлайн оқытудың заманауи жағдайында оқуға қызығушылық танытқан аудиториямен диалог арқылы жас ғалымдардың өсуіне орасан зор мүмкіндіктер береді деген пікірлерін білдірді.

 

Докторанттар студенттердің жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін тез меңгеретінін және оларды оқуда қуана қолданатынын атап өтті.

 

Соның нәтижесінде педагогикалық іс-тәжірибе тиісті ұйымдастырушылық-әдістемелік жақсы деңгейде жүргізілді деп есептеледі. Барлық кездесулер, оқу сабақтары онлайн және офлайн режимдерінде өтті.

 

Бұл тәжірибе магистранттар мен докторанттардың дәстүрлі аудиторияда да, онлайн форматта да педагогикалық қызметке дайындығын көрсетті.