![]()
16.11.2021 «Қазіргі қоғамдағы балалардың құқықтарын қорғау» вебинары
2021 жылдың 15 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институтының құқықтану кафедрасында тәрбие жұмысы аясында «Құқықтану», «Бастауышбілім беру және АКТ» мамандығының 2, 3 курс студенттерімен «Казіргі қоғамдағы балалардың құқықтарын қорғау» вебинары өткізілді.
Іс-шара қауымдастырылған профессор А.М. Сералиеваның ұйымдастыруымен және аға оқытушы А.Н. Казиева мен спикер К.К. Тусубекованың қатысуымен өткізілді. Кездесу барысында баланың құқықтары мен міндеттері, балалардың дұрыс дамуы үшін ата-аналардың жауапкершілігі, қазіргі әлемде баланың құқықтарын халықаралық қорғау мәселелері талқыланды.
|