Негізгі бет /
БАҚ біз туралы
11.11.2021 Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды
Меморандум аясында өскелең ұрпақтың азаматтық санасын қалыптастыру үрдісін ғылыми-талдамалық және сараптамалық қамтамасыз ету және жалпы және қосымша білім берудің құрылымы мен мазмұнын жетілдіруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету; нысаналы әлеуметтік маңызы бар жобалар мен іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыру; тараптардың қызметін жақсартуға бағытталған бірлескен инновациялық жобаларды дайындау және жүзеге асыру; білім, ғылым және мәдениет салаларында тәжірибе мен біліммен, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын ақпаратпен алмасу көзделген.
Дархан Біләлов Абай университеті еліміздің педагогикалық білімінің флагманы ретінде мектептермен өзара әрекеттесу мақсатын қоятынын баса айтты. Ректордың айтуынша, ынтымақтастық аясы өте кең.
- Қаланың 9 мектебінде кафедра өкілдіктері бар, біздің оқытушыларымыз жыл сайын форумдар мен семинарлар өткізеді және бұл жұмыс жалғаса берері сөзсіз. Соңғы екі жылда біздің педагогтер мектептерге арналған 800-ден астам оқулық дайындады. Педагог кадрларды даярлау инновациялық нысанда дуалды білім беру элементтерін пайдалана отырып жүзеге асырылады, оның аясында 4-курста үздіксіз практика жүргізіледі. Бізде білім беруді дамытуға және білім беру ұйымдарын біріктіретін педагогикалық қолдауға бағытталған бірқатар идеялар бар. Біздің өзара тиімді ынтымақтастығымыз осы бағытта жалғасады деп сенемін, - деді ректор.
Алматы қалалық Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева тараптар дуалды тәжірибені кеңейтетінін айтып, «Информатика-робототехника» білім беру бағдарламасы мамандарының қажеттігін атап өтті.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы «Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту» мақсатына сәйкес университеттің жан-жақты практикалық дамуын жақсарту үшін «ЖОО + мектеп = жоғары сапалы маман» жобасын жүзеге асыру ұсынылды.
Меморандум аясында «ЖОО + мектеп = сапалы маман» және «Болашақ педагог» жобаларын іске асыру ұсынылды. Бұл жобалар орта білім беруді дамытуға бағытталған, ведомстволық бағыныстағы мектептерден 3 бағыттағы мектептер анықталып, анықталған мектептердің әлсіз тұстары талданады. Университет тарапынан жұмыс тобы құрылып, мектептің әр бағыты бойынша дамыту жұмыстары жүргізілетін болады.
11.11.2021 ж. Ақпарат көзі: bilimdinews.kz |