қазақша · русский · english
   
Кафедра тарихы

 

       Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университеттің бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы білім берудің 3 деңгейі бойынша (бакалавриат - магистратура - докторантура): 5В(6М,6D)010200 - Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығын  дайындайтын ілгері  білім ордасы.

 

Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы тарихы

  • 1983 - Абай атындағы ҚазПИ-де жоғары білімді бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау жылдан қолға алына бастады.
  • 1985 - «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасы ашыл (кафедра меңгерушісі п. ғ. к., профессор А. Р. Жумаханов, в 1987 жылы кафедра меңгерушілігіне п. ғ. к., доцент Г. М. Храпченков, 1988 жылы кафедра меңгерушісі. п. ғ. к., доцент С.Р. Рахметова);
  • 1987 - «Русский язык, литература и методика преподавания в начальной школе» кафедрасы ұйымдастырылды. (кафедра меңгерушісі. ф. ғ. к., Р.Т. Мендекинова);
  • 1991 - «Бастауыш мектепте қазақ тілін, математиканы және еңбекке баулу негіздерін оқыту әдістемесі» кафедра бөлімі (кафедра меңгерушісі п. ғ. к., доцент Рахметова С.Р.);
  • 1991 - «Бастауыш мектеп педагогикасы» кафедрасы құрылды(кафедра меңгерушісі, п. ғ. к., профессор Т.С.Сабиров);
  • 1992 - «Бастауыш мектепте қазақ тілін, математиканы және еңбекке баулу негіздерін оқыту әдістемесі» кафедрасынан «Қазақ тілі және оны оқыту әдістемесі» (меңгеруші п.ғ.к., доцент Рахметова С.Р.), «Математика және оны оқыту әдістемесі» (меңгеруші п.ғ.к., доцент қызметін атқарушы Оспанов Т.К.), «Бастауыш мектепте еңбекке баулу, бейнелеу өнері және дене шынықтыру әдістемесі» (меңгеруші доцент міндетін атқарушы Сатканов О.С.) кафедралары бөлініп шықты;
  • 1997 - «Қазақ тілі және оны оқыту әдістемесі» және «Русский язык, литература и методика преподавания в начальной школе» кафедралары бірігіп - «Ана тілін оқыту теориясы мен әдістемесі» (кафедра меңгеруші п.ғ.к., проф. Қараев М.Ә) кафедрасы боп төмендегі құрамда қайта құрылды;
  • 1998 - «Ана тілін оқыту теориясы мен әдістемесі» және «Бастауыш мектеп математика теориясы мен әдістемесі» кафедралары бірігіп, «Бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы деп аталды. (2004 дейін кафедра меңгерушісі, п. ғ. к., профессор Т.К. Оспанов, 2004 - 2007 жж. кафедра меңгерушісі, п. ғ. к., доцент Б.М. Косанов);
  • 2008 - кафедра атауы «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру теориясы мен әдістемесі» кафедрасы болып аталды.;
  • 2015 - кафедра атауы "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" кафедрасы болып өзгертілді. 2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін кафедраны п.ғ.д., профессор Ә.Е.Жұмабаева басқарады. 

          Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы білім беру саласындағы жаңа оқыту жүйесіне сәйкес халықаралық байланысты ұлғайтуға бағытталған тұрақты жұмыстар да жасалынуда, кафедра оқытушыларының көбі мектептік және жоғары оқу орындарының оқулықтарының, мемлекеттік стандарттардың, білім берудің типтік бағдарламаларының авторлары. Халықаралық конференциялар да, халықаралық және Білім мен ғылым министрлігінің жобаларында қатысады. Кафедрада әр түрлі әлеуметтік тәрбиелік іс-шаралар жүргізіледі. Кафедра студенттері жылсайындық студенттік конференциялар мен университеттік және республикалық конкурстар да белсенді қатысып, жүлделі орын алады. Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері сабақ үрдісіне, дәрістік және лабораториялық-практикалық сабақтар мазмұнынында қолданылады. Кафедрада жоғары оқу орындарына мемлекеттік және жалпы білім беру стандартына сай білімді ұйымдастыруға арналған талаптарға байланысты аудиториямен қамтамасызданған.