Негізгі бет
Жаңалықтар
12.12.2016 «ЗИЯЛЫ ҰЛТ» АТТЫ ФЛЕШ-МОБ
Тәуелсіздік мейрамы - Қазақстанның егемен ел ретіндегі болмысын көрсететін нышаны, мызғымас негізі. Еліміздің егемендігін дәріптейтін Тәуелсіздік күні қазақ жерінде асқан патриоттық сезіммен атап өтілетін маңызды мереке. Сондықтан да егемендігіміздің тарихы мен мәнін білу және құрмет тұту - әрбір қазақстандықтың борышы.
Осы орайда, жастардың бойында елге деген құрмет сезімін қалыптастыру, туған жерге, халыққа деген сүйіспеншілігін арттыру, рухани бірлікке шақыру, патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында 2016 жылдың 8 желтоқсаны күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастырумен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында №1 оқу ғимаратының алаңында университеттің 200-ге жуық студенттерінің қатысуымен «Зиялы ұлт» атты флеш-моб өткізілді.
Шараға қатысушы студенттер KZ 25 символын бейнелеп, бір мезетте Ескендір Хасанғалиевтің «АТАМЕКЕН» патриоттық әні орындады. Азат елдің арманшыл ұрпағы болып табылатын Абай жастары осылайша өз Отанына деген аса сүйіспеншілігін жеткізе білді. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған бұл іс-шара жастардың ұлттық рухын көтеріп, бірлік пен ынтымақтың басты келбетін сипаттады.
Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі басқармасы |