Магистранттардың республикалық олимпиадасы МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫ 10-12 сәуір аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-де Педагогика және психология институты Педагогика және психология кафедрасының ұйымдастыруымен республикада тұңғыш рет Магистранттардың ғылыми олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан 13 команда қатысты: Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚазМемҚПУ, Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университеті, Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, М.Қозыбаев атындағы СҚУ, М.Өтемісов атындағы БҚМУ, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Семей қаласының Шәкәрім атындағы МПУ, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ, Шет тілдер және іскерлік карьера университеті, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің магистранттары қатысты. 10 сәуір күні Магистранттар олимпиадасының салтанатты ашылуы өтті. 10-12 сәуір аралығында сағат 9.00 - 17. 00 дейін командалар V кезеңде: «Балаға жүрек жылуы: мұғалімдер тағдыры» тақырыбындағы командалық шағын зерттеу жұмысы, «Ғылыми хабарлама», Жазбаша жұмыс: ұсынылған мақалаға пікір жазу, «Ғылым және зерттеуші тұлғасы» тақырыбы бойынша ғылыми пікірталас, «Ғылыми эрудиция/ой-өріс» байқауы секілді кезеңдерде өз бақтарын сынады. Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., профессор Әбдіғапбарова Ұлжарқын Мүсілімқызы қазылар алқасының шешімімен Олимпиадада озық шыққан 13 магистранттың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, мадақтау грамоталарымен марапаттауға ұсынылғанын жариялады. Барлық қатысушыларға сертификаттар және естелік сыйлықтар берілді. Олимпиадада үздік шыққан алты команда І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен кубок, ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталды. І - орын - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті командасы
ІІ - орын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.
ІІІ - орын: Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті М.Қозыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан университеті
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ УНИВЕРСИТЕТІШІЛІК МАГИСТРАНТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОЛИМПИАДА
Олимпиаданың қорытындысы бойынша «Педагогикалық ғылымдар бойынша магистранттардың олимпиадасында» үздік өнер көрсеткені үшін «Педагогика және психология» институтының магистранттары I дәрежелі дипломмен, дербестігімен ерекшеленгені үшін «Жаратылыстану және география» институты II дәрежелі дипломмен, белсенділігіменен ерекшеленгені үшін «Тарих және құқық» институты ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, ақшалай жүлделерге ие болды. Сондай-ақ, «Педагогикалық ғылымдар бойынша магистранттардың олимпиадасына» белсенді қатысқаны үшін «Филология» институты, «Математика, физика және информатика» институты, «Өнер, мәдениет және спорт» институттарының магистранттары алғыс хаттармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Педагогика және психология кафедрасы
|