Б.Е.Өмірбековтің жеке шығармашылық көрмесі
«Ақшамда» Б.Е.Өмірбековтің жеке шығармашылық көрмесі қойылды.
Байтұрсын Есжанұлы Өмірбеков - белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Ресей Көркемсурет академиясының құрметті академигі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор. 1965-1969жж. Абай атындағы мемлекеттік университетінің көркемсурет-графика факультетінде білім алды. 1969-1978-Абай атындағы ҚазҰПУ-да ассистент, аға оқытушы, факультет деканы қызметін атқарды. Ұзақ жылдар бойы Қазақстанның ең ірі, жетекші көркемсурет музейі - Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейін басқарды, Қазақстан Суретшілер одағының төралығына сайланды, бірқатар мемлекеттік марапаттарға ие болды. Б.Е.Өмірбеков Жоғары білім беру мектебі - Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының басы -қасында болды, сонда ұзақ жылдар бойы ұйымдастыру - оқытушылық қызмет атқарды. Ол - Академиядағы графикалық дизайн кафедрасының ашылуын және суретші - реставратор мамандығын оқу бағдарламасына енгізуді Қазақстанда алғаш қолға алған адам. Бірнеше теориялық басылымдардың авторы.





