21.09.2021
Мектеппен байланыс
2021 жылғы 20 қыркүйекте Тарих және құқық институтының саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы меморандумдық келісімі бар Шелек ауылының Абай атындағы орта-білім беру мектебінің мұғалімдермен мектеппен байланысты нығайту мақсатында кездесу өткізді.
Кездесуге институт директоры Әділ Джунусов, ғылыми-істер жөніндегі орынбасары Мұхтар Мұратказин, тәрбие-ісі жөніндегі жөніндегі орынбасары Нұрболат Манапбаев, кафедра меңгерушісі Жомарт Симтиков және профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Кездесу барысында екі мекеме арасындағы байланысты нығайтуды, ортақ ғылыми жобаларды жүзеге асыру және университет түлектерін педагогикалық тәжірибеден өткізу мен жұмысқа қабылдау мәселелері талқыланды.
