қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
28.06.2021

«HR+» психологиялық-педагогикалық мониторингтің автоматтандырылған жүйесі» вебинары

 

2021 жылғы 25 маусымда ҚР жоғары оқу орындары үшін инклюзивті білім беру бойынша ресурстық консультативтік орталық жанындағы виртуалды зертханада «HR+» психологиялық-педагогикалық мониторингтің автоматтандырылған жүйесі» вебинары өтті.


Вебинар автоматтандырылған психологиялық-педагогикалық мониторинг жүйесіне, диагностикалық зерттеулер нәтижелерін талдау үшін ұйымдастырылған және мектеп басшылары мен қызметкерлеріне, колледждер мен ЖОО оқытушыларына, психологтарға, дефектологтарға және барлық мүдделі тұлғаларға арналды. Вебинар аясында диагностикалық нәтижелерді өңдеудің сандық автоматтандырылған қызметтерін қолдану, диагностикалық зерттеулердің мәліметтерін өңдеудің негізгі принциптері қарастырылды.


Спикер - «Кәсіптік бағдар беру - хэдхантингтік экожүйе» жобасының жетекшісі Белгібаев Рашит (Қарағанды қ.).


Вебинар модераторы-педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Зульфия Мовкебаева.