Абай атындағы ҚазҰПУ институттары мен құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына арналған Жазғы мектеп
2021 жылғы 18 маусымда «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті: жоғары педагогикалық білім беру тәжірибесі мен мәселелері» Жазғы мектебі өз жұмысын аяқтады.
Жазғы мектеп барысында тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректор м.а. Жанатбек Ишпекбаев «Әлеуметтік жауапты университет» тақыбындағы сессияны ашып берді.
Бірінші сессияда Абай университетінің «Университеттің дамуына психологиялық қолдау» ҒЗО жетекшісі Жәмилә Намазбаева қатысушыларды әлеуметтік жауапты университетті дамытудың психологиялық негіздерімен, психологиялық қолдаудың маңыздылығымен таныстырды.
Алматы қаласы бойынша «Атамекен» ҰКП директорының орынбасары Аскэрбек Насамбаев «Жас кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау» тақырыбындағы баяндамасында онлайн-оқыту мәселелері мен міндеттерін шешу, қазіргі жастардың экономикалық сауаттылығының маңыздылығы туралы ақпарат берді.
Педагогика және психология институтының профессоры м.а Анар Әлімбекова «Болашақ педагогтердің лидерлік сапасын дамыту» тақырыбында талқылау үшін оқытушылар мен студенттердің көшбасшылық қасиеттерін дамыту мәселелерін ұсынды, уәждеменің оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігімен байланысын көрсетті.
Екінші сессияда Г. В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінің өкілдері өз идеяларымен бөлісті:
Армине Григорян - №2 шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы, зерттеуші-оқутышы. Баяндама тақырыбы - «Трансформация языка в медийном и интернет пространстве».
Лия Торосян - №2 шет тілдер меңгерушісі, доцент, п.ғ.к. Баяндама тақырыбы - «Билингвизм и мультилингвизм в современной парадигме образования».
Катерина Степаненко - №2 шетел тілдері кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Баяндама тақырыбы - «Универсальная языковая личность-миф или реальность?».
Марина Симоненко - №2 шетел тілдері кафедрасының доценті, ф.ғ.к.. Баяндама тақырыбы - «В поиске глобального культурного кода: метафоры в контексте диалога культур».
Вера Семина - №2 шетел тілдері кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Баяндама тақырыбы - «Особенности межкультурной коммуникации на примере идиом в русском и английском языках».
Баяндамалар аяқталған соң, Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент директорының м.а. Казына Бекбенбетова ұйымдастыруымен университеттің тәрбие жұмысының өзекті мәселелері, әлеуметтік жауапты университет моделін іске асыру бойынша пікір алмасылды.
Аталған сессияларға институт директорларының орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, оқытушылар, докторанттар, магистранттар қатысты.
Жазғы мектеп аясында 14-18 маусым аралығында Біліктілікті арттыру және қашықтан білім беру орталығы директорының орынбасары Есенулы Данияр «Білім берудегі цифрлық құралдар (40 сағ.)» біліктілікті арттыру курсын өткізді.
Курс тыңдаушылары - институт директорларының қашықтан білім алуға жауапты орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, профессор-оқытушылар құрамы оқыту мен оқуда ақпаратты берудің сапасын, жылдамдығын және тартымдылығын дамыту үшін әзірленген өзекті цифрлық технологиялармен; қашықтан оқыту жағдайында студенттердің қызығушылығы мен тартылуын арттыру, оқу нәтижелері мен прогресін қадағалауға арналған ресурстармен танысты. dis.kaznpu.kz оқу порталында курс құрылды.