қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
16.06.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ институттары мен құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына арналған Жазғы мектеп

 

2021 жылғы 16 маусымда «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті: жоғары педагогикалық білім беру тәжірибесі мен мәселелері» Жазғы мектебі өз жұмысын жалғастырды.


Бірінші сессияда Мини-МВА бағдарламасының жетекшісі, стратегия бойынша кеңесші Озат Байсеркеев сессия қатысушыларына «Басқару шешімін трансформациялау. МБА Топ Manager University бағдарламасының тәжірибесі» тақырыбында ақпарат берді. Спикер университеттің басқару жағдайына талдау жасады, мәселелерді шешу жолдарын ұсынды, іске асырылып жатқан бағдарлама аясында оқыту бағдарламасының мазмұны туралы айтты. Бұл сессия жұмысына институт директорлары мен орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, университет оқытушылары қатысты. Басқару жүйесіндегі менеджменттің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасылды, бағдарламаны іске асырудың маңыздылығы атап өтілді.


Екінші сессияда Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Ғылыми кітапхана директоры Нүргүл Имансыдықова «Ғылыми кітапхананың электрондық ресурстары» тақырыбында тыңдаушыларды ғылыми кітапхананың электронды ресурстарымен таныстырып, қолданушылармен өзара әрекеттесу ерекшеліктерін қашықтағы форматта ұсынды. Сессия қатысушылары өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Ақпарат кафедра меңгерушілеріне, оқытушыларға, докторанттарға ұсынылды.


Келесі сессияны Университеттің маркетинг бөлімінің корпоративтік даму жөніндегі менеджері Гайша Мусина «2021-2022 оқу жылында шетелдік студенттерді іріктеу» тақырыбында өткізді. Сессия жұмысына институт директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі, халықаралық ынтымақтастық, даму стратегиясы мен сапаны талдау департаменттерінің директорлары, Ғылыми кітапхана, «Ұлағат» баспасының басшылары мен қызметкерлері қатысты. Тыңдаушылар ұсынылған ақпараттың өзектілігін атап өтіп, қойылған тақырып аясында сұрақтарға жауап алды.