қазақша · русский · english
   
Академиялық ұтқырлық
 Джангирова Гульнара Сагинтаевна
Академиялық ұтқырлық бөлімінің жетекші маманы

Достық даңғылы, 13, 300 кабинет
 +7 (727) 293-85-79
g.jangirova@abaiuniversity.edu.kz

 





 

 Муханова Қарлығаш Бейсенқызы
Академиялық ұтқырлық бөлімінің басшысы

Достық даңғылы, 13, 300 кабинет
 +7 (727) 293-85-79
k.mukhanova@abaiuniversity.edu.kz

 

Абай атындағы ҚазҰПУ академиялық ұтқырлық секторы университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және оқу басқармасы басшысына тікелей бағынады.

Академиялық ұтқырлық секторы студентер мен оқытушылардың академиялық мобилділігін ұйымдастыруға, сонымен бірге университеттің оқу процессіне ECTS негізгі параметрлерін енгізуге арналған.
Академиялық ұтқырлық сектор қызметінің мақсаты академиялық мобилділік бағдарламаларына қатысу арқылы отандық және халықаралық академиялық бірлестікпен кооперация негізінде кәсіби білім сапаларын жоғарылату.
Академиялық мобилділік Секторы қызметтерінің басым бағыттары;
1. Академиялық мобилділік бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша нормативті құжаттарды дайындау: тұжырымдамалар, ережелер, нұсқаулықтар;
2. Академиялық мобилділік бойынша университеттің факультет және кафедра - декан орынбасарлары мен ғылыми инновациялық жұмыс бойынша кафедра меңгерушілерін және халықаралық әріптестікті академиялық мобилділік бағдарламалары арқылы іске асыруды үйлестіру және қамтамасыз ету.
3. Басты қазақстандық және шетел университеттерінің академиялық мобилділік бағдарламалары бойынша студентерді оқыту мүмкіндіктері туралы студенттер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізу .
4. Гранттық және бюджеттік емес негізде академиялық мобилділік бағдарламасына үміткерлерді конкурс бойынша іріктеу және үйлестіруді жүзеге асыру.
5. Академиялық мобилділік бағдарламалары бойынша білім алушыға басқа ЖОО таңдауға(ел ішінде немесе шет елде ) немесе оқылатын пәндер тізімін анықтауға және басқа ЖОО өтініштер ресімдеуге көмек көрсету;
6. Абай атындағы ҚазҰПУ студенттерінің академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша білім алу туралы әріптес-университеттермен келіссөздер жүргізу (академиялық уақыт мерзімдерін нақтылау, сұрақтарға жауап беру және т.б.);
7. Академиялық мобилділік бағдарламалары бойынша шетел университеттеріне шығатын студенттер визаларына дер кезінде қол қою;
8. Құжаттар пакетін және шақыруларды рәсімдеу үшін білім алушыларға жәрдемдесу.
9. ЖОО-мен, басқа университеттермен өзара қарым-қатынастарды жүзеге асыру және білім алушылардың академиялық мобилділік бойынша сұрақтарына жауап беру.
10. Білім алушылардың академиялық мобилділігі бойынша университеттің құрылымдық бөлімшелері мен факультеттері арасында өзара қарым-қатынас жасауға көмек көрсету.
11.Университет бөлімшелеріне және қызметкерлеріне, академиялық мобилділік және халықаралық әріптестік бойынша факультет декандарының орынбасарларына, ғылыми инновациялық жұмыс және студенттердің академиялық мобилділік сұрақтары бойынша кафедра меңгерушілеріне консультациялық және басқа да көмек көрсету.
12.Академиялық мобилділік бойынша университет студенттерінің іссапарға шығу және қайту құжаттарын рәсімдеу және іссапар туралы есептерді жинау.

13.Шетелдік оқытушы-зерттеушілер және профессорлар туралы баяндау.
Академиялық мобилділік секторы қызметінің негізгі бағыттарына қосымша:
• Академиялық мобилділік бағдарламаларына қатысуға өтініш беру үшін құжаттар дайындау бойынша кеңестер беру;
• Ұсынылып отырған шетелдік ЖОО-әріптестерімен ғылыми және білім беру бағдарламаларының презентацисын өткізу;
• Академиялық мобилділіктер нысанында мамандандырылған базалар енгізу және құру үшін жаңа ақпараттық технологияларды қолдану, қызығушылық тударатын көкейкесті мәліметтермен алмасу.
• Академиялық мобилділікті дамытуға бағытталған ғылыми-білім беретін семинарларға, мектептерге, конференцияларға, симпозиум, конгресстерге, съездтерге және қазақстандық және шетелдік көрмелер өткізуге, қатысу;
• Халықаралық білім беру нысанында ғылыми зерттеулер өткізу, соның ішінде білім беру қызметтерінің халықаралық нарық маркетингтеріне;
• Академиялық мобилділік Секторы қызметінің барлык түрлерін дамыту бойынша университет қызметкерлерінің бастамаларына қолдау көрсету;
• Академиялық мобилділік бағдарламалары шеңберінде шетелде оқу үшін студенттер іріктеуін ұйымдастыру;
• Мобилділікті ұйымдастыру бойынша университеттің құрылымдық бөлімшелеріне көмек көрсету және мобилділік координаторлардың жұмыстарын үйлестіру;
• Ғылыми жобалар мен бағдарламалар және халықаралық білім беру нысанында сараптама және консалтинг жүргізу;
• Оқытудың әдістері мен түрлерін жетілдіру, оқу үрдістеріне жаңа әдістемелер мен оқытудың техникалық құралдарын енгізу және өңдеу;
• Мобилділіктің жеке бағдарламаларының орындалу нәтижелері туралы есептерді қарастыру және университет басқаруының мақұлдауына жеткен келіссөздерді жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды таныстыру;
• университет бөлімшелерінің халықаралық бағдарламалармен және жобаларға қатысу үшін құжаттар рәсімдеуге көмектесу; ҚРБҒМ үшін аналитикалық-ақпараттық материалдар мен есептерді әзірлеу.
Университеттің басқа бөлімшелерімен арақатынастары
Академиялық мобилділік секторы оқытушылар мен студенттер контингентін құрастыру бойынша кафедра және директораттармен, студент қабылдауын ұйымдастыру бойынша академиялық мобилділік оқытушыларымен және академиялық мобилділік сызығы бойынша оқытушылармен өзара қарым қатынас жасайды.
Академиялық мобилділік секторы оқу-әдістемелік материалдармен алмасу бойынша тіркеу кеңселерімен, сонымен қатар студенттердің академиялық тарихы бойынша ақпарат құрастыру мәліметтерімен алмасып отырады;
Құжатты бақылап отыруды ұйымдастыру бойынша академиялық мобилділік студенттер қозғалысы мен бітірушілердің жұмысқа орналасуы жөніндегі бөліммен өара қарым қатынас жасайды.
Ғылыми әдістемелік қызмет бойынша оқу үрдісіне ECTS енгізу үшін біртұтас әдістемелік құжаттама әзірлеу сызықтары бойынша ОӘБ кеңеседі.
Орталық институттардағы академиялық мобилділік координаторларымен қарым- қатынас жасайды.
Құжатты бақылап отыруды рәсімдеу бойынша академиялық мобилділік ұйымдастырушы-кадрлық жұмыстар бөлімімен қарым- қатынас жасайды.
Магистранттар мен докторанттардың академиялық мобилділігін ұйымдастыру бойынша жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру институттарымен өзара қарым қатынас жасайды.
Студенттер мен оқытушылар алмасу құжаттарын бақылап отыруды ұйымдастыру бойынша академиялық мобилділік халықаралық әріптестік Басқармасымен өзара қарым -қатынас жасайды .
Академиялық мобилділік секторы өз қызметінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы және өкімімен, университеттің ректорат және Ғылыми кеңес шешімдерімен, университеттің әдістемелік кешен стандарттары процедураларымен құжаттанған ғылыми кеңес шешімен бірге әрекет етеді.
Академиялық мобилділік секторы университетте студеттің орын ауыстыруын ұйымдастыру және үйлестіру үшін немесе оқытушы-зерттеушілердің нақтылы академиялық мерзімде (оқу немесе өндірістік тәжірибені қоса алғанда) ережеге сәйкес, белгіленген тәртіпте меңгерген білім бағдарламаларын кредиттер түрінде, өз жоғары оқу орнында білімнің барлық баспалдақтары үшін: бакалавриатты, магистратураны, PhD-докторантураны міндеттелген қайта тапсыру арқылы семестр немесе оқу жылында басқа жоғары оқу орнында (ел ішінде немесе шет елде) оқу немесе зерттеу жүргізу үшін құрылған.