қазақша · русский · english
   

«Тәуелсіздік тұғырының негізі - Отансүйгіштік» атты мерекелік кеш болып өтті


Желдей есіп тарих қойнауына кіріп бара жатқан 2016 жыл еліміз үшін айтулы даталарға толы болды. Солардың бірегейі болып саналатын еліміздің төл мерекесі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіның 25 жылдығы еліміздің түпкір-түпкірінде сән салтанатымен аталып өттілді. Тәуелсіздікке байланысты әлі де өтіп жатқан түрлі іс-шаралар толастаремес.
Тәуелсіздік - біздің басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттері тани бастады. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өтіп келеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандады.
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған Дайындық факультетінде «Тәуелсіздік тұғырының негізі - Отансүйгіштік» атты кеш болып өтті.
Салтанатты кеште қазақ елінің тарихынан сыр шертер сахналық қойылымдар мен түрлі баяндамалар оқылды.
Іс-шараға университетіміздің профессор-оқытушыларымен қатар Желтоқсан қозғалысының ардагерлері Шарахымбай Болат Жұмынұлы, Аяп Ыдырыс Қыдырұлы, Аманғазы Каріпжан, өзіміздің ұстазымыз Атемова Қалдығыз және бір топ студент-жастар қатысты.