қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Мұқажанова Альмира Жапарқызы

Мұқажанова Альмира Жапарқызы

 

ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ

Мұқажанова Альмира Жапарқызы (02.05.1975ж.т.). Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің Халықаралық қатынастар факультетін бітірген (1998ж.).

1998-2001 жылдар аралығында «Саясаттану» мамандығы бойынша аспирантурада оқып, «Қазіргі Қазақстандағы мемлекеттің отбасы саясаты: саяси талдау» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын мерзімінен бұрын табысты қоғады.

Саяси ғылымдарының кандидаты (2002).

2002-2005 жылдар аралығында докторантурада оқыды.

2001 жылдан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ-нің саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушы, аға оқытушысы, доцентқызметін атқарып келеді.

Саяси ғылымдарының докторы (2012).

2003 жылдан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршы («Әлеуметтік және саяси ғылымдар» сериясы) жұрналы редакция алқасының мүшесі.

А.Ж. Мұқажанованың 150-ден аса ғылыми мақалалары саясаттану ғылымындағы әртүрлі салаларына байланысты қазақ, орыс, кәріс, ағылшын, неміс тілдерінде жарық көрді.

А.Ж.Мұқажанова тәжірибелі ұстаз, әрдайым өз маңына ынталы және таланты жастарды топтастырып, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында студенттер, магистранттар мен докторанттарды даярлауда аянбай еңбек етуде.

 

БІЛІМІ

Білім мекемесі

Квалификация

Бітіру уақыты

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті, Халықаралық қатынастар факультеті, «Саясаттану» мамандығы

Саясаттану пәнінің оқытушысы, басқарушы

16.06.1998г.; ЖБ №0005596

 

 

 

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРӘЖЕСІ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылым саласы

Диплом берілген уақыты

Саяси ғылымдарының докторы

23.00.02 - Саяси институттар, этносаяси конфликтология, ұлттық және саяси процестер мен технологиялар

13.01.2012г.;  FD № 0001401

 

 

 

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ

Бакалавриат: Саясаттану,Әлеуметтану, Саяси ілімдер тарихы, Саяси билік феномені және т.б.

Магистратура: Кратология, Саяси философия, Ғылыми-зерттеу жұмысының әдістері мен әдіснамасы, Азаматтық қоғамдағы отбасы және демографиялық саясаты және т.б.

Докторантура: Саяси психология, Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті және т.б.

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ

1.Семейная политика Республики Казахстан: национальные и общечеловеческие проблемы. Монография. - Алматы: Ғылым, 2009. - 272 стр.

2. Национальное и общечеловеческое в культуре межнационального общения Республики Казахстан: политологический анализ. Монография. - Алматы: Ғылым, 2010. - 277 стр.

3. Культура межэтнического общения: казахстанский опыт. Монография. - Алматы: «ИП Уатханов А.Ф.», 2012. - 240 стр. (в соавторстве)

4. Politologische Aspekte einer Erziehung zur Kultur des zwischennationalen Miteinanders - Politische,soziologische und rechtliche Probleme der Gesellschaftsent wicklung Kasachstans. - Berlin, 2015. - 247 p. - P.193-200.

5. Legal Culture of Kazakh Society: Political Aspects - Anais da Academia Brasileira de

 Ciencias (2019) 90 (1 Suppl. 2): 1206-1215

 

МАРАПАТТАРЫ

1.2008 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

2.2016 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-нің кәсіптік мамандар даярлауға сіңіргенеңбегі үшін «ҮЗДІК ҰСТАЗ» төсбелгісімен марапатталды.

3.2018 жылы университеттің дамуына қосқан үлесі үшін «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 90 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

 


← Кері оралу