Негізгі бет
Жаңалықтар
06.05.2021 «Ер есімі-ел есінде» мерекелік іс шарасы
Мерекелік шарада топ студенттері ардагерлерге өлең жолдарын арнап, соғыс жылдары жайлы ақпараттық-танымдық материалдар ұсынды.
Онлайн форматтағы ашық тәрбие сағатында студенттер тарихқа көз жүгіртіп, Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан ата-бабаларымызды бір сәт үнсіздікпен еске алды. Қазақтың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүкке, Бауыржан Момышұлына, 28 панфиловшыларға арнап өлеңдер оқыды.
Мерекелік кеште студенттер «Майдангерлер», «Әлия мен Мәншүктің диалогы», «Мен соғысты жек көремін!», «Жеңіс» өлеңдерін, сонымен қатар «Мәншүктің хаты» монологын оқыды.
Студенттер арасында Ибрагим Низамиддин, Ырысты Айтқожа өздерінің ардагер аталары, 8-гвардиялық дивизиясының құрамында болған, қан майданнан аман-есен оралған Әшірғазы Сасабеков жайлы естелік әңгімелерін айтты.
Ашық тәрбие сағатында студенттер арасында Ұлы Отан соғысы жайлы, бүгінгі бейбіт күніміздің қандай қанмен, қиыншылықпен келгенін еске түсіру мақсатында «Викторина» ойнатылды. Бұл ойында белсенділігімен «Шетел тілі: екі шетел тілі» 1 курс студенті Тайтелиев Қуаныш көзге түсті. 113 ССО тобы барлық Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттеріне «Ардагерлерге мың алғыс» челленджін жолдады.
Тәрбиелік іс-шараға магистранттар мен студенттер, Филология және көптілді білім беру институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ерлан Қасенов, шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары Нурекешова Г.Р., Есмуратова Г.Ж. қатысып, ыстық лебіздерін білдірді.
|