қазақша · русский · english
   

Зертхана меңгерушісі, б.ғ.д., профессор Аралбай Нұғман Күлдәрбекұлы 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Ғылыми-инновациялық паркі

«Жаратылыстану ғылымдарының мәселелері және экологиялық реконструкция» Ғылыми-зерттеу зертханасы

 

Қоршаған ортаны қорғап-сақтау, яғни адамзаттың тіршілік ортасын қорғау - бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі. Сондықтан, экологиялық және биологиялық қауіпсіздік мәселелерін заманауи жаратылыстану ғылымдарының негізгі проблемасы деп қарастырғанды жөн санаймыз. Бұл ретте жасушадан бастап ірі табиғи кешендерге дейінгі  экологиялық жүйелердің барлық ұйымдасу деңгейлерін зерттеу өте маңызды. Табиғи экологиялық факторлармен қатар антропогендік факторлар әсерінен трансформацияға ұшыраған экожүйелерді зерттеп, қалпына келтіру шараларын, жолдарын анықтау да өзекті мәселелер қатарына жататыны күмән  тудырмайды. Жаратылыстану ғылымдарының мәселелері мен экологиялық реконструкция зертханасының ғылыми жұмыстарының  аясы бұл тұрғыдан алғанда кең, әрі ауқымды. Зертхана өзінің ізденістерімен биологиялық алуан-түрлілік, биологиялық қауіпсіздік, экожүйелердің трансформациясы мен реконструкциясы, биология және жалпы жаратылыстану ғылымдарындағы қазақ тілінде ғылыми номенклатура қалыптастыру мәселелерін қамтиды.

-ЖҒМЭР зертханасы 2009-2011 жылдары құрылған «Биоэкомониторинг» зертханасының материалдық негізінде қайта құрылған. Зертхана өте жақсы жабдықталған. Мұнда жалпы құны 47 млн. теңгеден асатын ең заманауи микробиологиялық, физиологиялық, биохимиялық, жасушалық зерттеулер  жүргізуге болатын приборлар мен құрал жабдықтар бар. Соның ішінде ерекше атап өтетіні - компьтерленген «эколог» зерттеу-сараптамалық жүйесі. Зертхана бұдан басқа да 1 компьютер және 4 ноутбукпен қамтамасыз етілген.

Зертхананың мақсаты: 21 ғасырдағы биосферадағы ғаламдық проблемалар біздің елімізде жасыл экономика, жасыл энергетика, қоғамды экологияландыру және биологияландыру, биологиялық қауіпсіздік мәселелерін өте өткір қойылып отыр. Сондықтан  зертхананың мақсаты осы аталған мәселелерді шешуді, ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету, яғни жолдарын іздеу болып табылады.

Зертхананың негізгі міндеттері:

-         Гранттар мен коммерциялық жобалар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары;

-         Ботаникалық, зоологиялық, микробиологиялық, биохимиялық, физиологиялық зертханалық жұмыстар жүргізу;

-         Ғылыми - консалтингтік қызмет;

-         Докторанттар мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізу;

-         Докторанттар мен магистранттардың ғылыми-зерттеу практикасын қамтамасыз ету.