қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
29.04.2021

Дуальды жүйе бойынша виртуалды оқу курстары

 

2021 жылғы 26-28 сәуір аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ өкілдері, KAZDUAL жобасы жұмыс тобының мүшелері Германиядағы дуальды жүйе бойынша Виртуалды оқу курстарына қатысты, курстың міндеті түрлі мүдделі тараптарға, олардың дуальды білім беруді іске асырудағы рөлі мен тәжірибесіне арналған үш күндік онлайн-семинар өткізу болды. Оқу курстарында түрлі сарапшылардың презентациялары мен дуальды жоғары және кәсіптік білім берудің мүмкіндіктері және мәселелері туралы пікірталастар ұсынылды. Атап айтқанда, Германия мен Қазақстанның тәжірибе алмастыруы өте жемісті болды және жобаның алдағы міндеттерін шешу үшін пайдалы болады.

 

Оқу курстары қарастырылып отырған мәселенің жан-жақты қамтылуымен ерекшеленеді:

- Материалды ұсыну үшін қолданылатын түрлі білім беру технологияларының үйлесімі;

- туындаған мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік беретін оқытушылармен және курс ұйымдастырушыларымен кері байланыстың болуы;

- білім алушылардың қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне байланысты бағыт ортасында қаралатын мәселелер шеңберін түзетуге мүмкіндік беретін өте икемді бағдарлама;

- қажетті білімді, іскерлікті, дағдыларды, құзыреттілікті жұмыстан қол үзбей алуға мүмкіндік беретін ыңғайлы жұмыс кестесі мен тәртібі;

- курстардың педагогикалық құрамының және курс ұйымдастырушыларының ұсынылатын материал ретінде қызығушылық танытуы, өз тәжірибесін барынша көп жеткізуге деген ықыласы.

 

2021 жылғы 5-7 мамыр аралығында жобаның Австриялық серіктестері - Педагогикалық университет ұйымдастырған Оқу бағдарламасының жалғасы күтілуде.

 

Кейіннен KAZDUAL жобасының командасы, оқу курстарының қатысушылары жобаның нәтижелерін тарату мен пайдаланудың бір бөлігі ретінде еуропалық әріптестерден алынған материалдар мен ақпарат негізінде оқыту семинарларын өткізуді көздейді.