«Білім беру процесінде заманауи IT-құралдарды тиімді пайдалану» вебинары
2021 жылдың 20 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Филология және көптілді білім беру инcтитуты академик С.С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы және Педагогика және психология институты мектепке дейінгі, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану білім беру бағдарламалары кафедраларының пост-докторанттары Бақытгүл Молдағали және Айгерім Байкулова «Білім беру процесінде заманауи IT-құралдарды тиімді пайдалану» тақырыбында вебинар өткізді.
Онлайн-кездесу Zoom платформасы арқылы өтіп, оған университет әкімшілігі, оқытушылары, PhD докторанттары, магистранттары және қызығушылық танытқан тұлғалар қатысты. Вебинар қонағы Education-Asia Халықаралық білім мен педагогикалық шеберлікті арттыру алаңының тенері Лира Ибраймова (ҚазҰҚызПУ) қатысты. Вебинар барысында қазіргі таңда IT-құралдары арқылы электронды кітап жасау жолдары және топпен жұмыс жасауда интернет тақталарының бірі - Trello тақтасы туралы айтылды. Онлайн-кездесу соңында қатысушылар сұрақтарын қойып, вебинар тақырыбы бойынша мәселелерді талқылады.
