Негізгі бет
Жаңалықтар
19.04.2021 «Урбандалу: қала зерттеу нысаны ретінде» вебинары
2021 жылдың 19 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ-да Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы пост-докторанты Талғат Қилыбаев «Урбандалу: қала зерттеу объектісі ретінде» тақырыбында вебинар өткізді. Онлайн-кездесу Zoom платформасы арқылы өтіп, оған университет әкімшілігі, оқытушылары, Phd докторанттары, магистранттары және қызығушылық танытқан адамдар қатысты. Вебинар барысында қазіргі таңда әлемдегі урбандалу үрдісіне шолу жасалып, еліміздегі ахуал туралы айтылды. Урбандалу процесі мен урбанистика ғылымының даму бағыттары, кедергілері және оларды шешу жолдары алға қойылды. Онлайн кездесу соңында қатысушылар сұрақтарын қойып, талқылау өткізілді.
|