қазақша · русский · english
   
Экологиялық бағыт


«Мейірім» клубы жұмысын ұйымдастырудың экологиялық бағыты бойынша Республика мектептерінде оқушылар арасында
«Экоклуб» жобасын жүзеге асыру маңыздылығы

Біріккен Ұлттар ұйымы біздің планетамыздағы экологиялық жағдайды жақсарту жөнінде барлық елдердің бірлесіп жасаған кең көлемді бағдарламасында мазмұндалған «табиғат қорғаудың әлемдік стратегиясы» деп аталатын, халықаралық мәні зор құжатты жариялағанын ескерсек, Алматы қаласы мектептерінде «Мейірім» клубы ерікті студенттерінің жетекшілігімен құрылып отырған Экоклубтар жұмысы, Республикадағы кезек күттірмейтін экологиялық өзекті мәселе болып табылады.
Себебі: экоклуб жобасының бағдарламасы эко білім беруді мақсат ететін жеке адамның табиғатқа деген саналы қызметін қалыптастыруды қамтамасыз ететін материалдарды оқу бағдарламалары мен оқулықтардың мазмұнына енгізу қажеттілігін атап көрсетеді. Шет елдердегі эко білім беру мазмұнына - қоршаған ортаның ластануы, табиғат қорғау қозғалыстары және саяси қайта құрулар енгізіліп, үздіксіз тәжірибеде жүзеге асырылады.
Жоғарыда атап өткен заңнамалық құжаттардың мақсат, міндеттеріне сәйкес 2011 жылдан бері Қазақстандағы экологиялық «PosadiDerevo.KZ» қоғамдық қоры бастаған Францияның "Histoires Recyclables" Дж. Фэйворс атындағы Рухани Қолданбалы технологиялар Институты қызметкерлерімен бірігіп дайындаған «Эко-клуб» Жобасы тірі организмдердің бір-бірімен өзара қарым-қатынасын, табиғи қоршаған ортасын ғылыми зерттеу бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізіп келеді.
Біздің тәжірибемізде экологиялық білімді сабақтастыруға арқау болып отырған «Орталық Азия үшін Жасыл пакет» - орта білім беру жүйесіне экологиялық тұрақты даму үшін білім беруді (ТДББ) ізгілендіруге бағытталған Қазақстандағы алғашқы еңбек болып табылады. Алғашқы рет, «Жасыл пакет» бір ғана ел немесе бөлек алынған аудан туралы емес, елді біріктіретін үлкен аймақ туралы ақпаратты қосады. Бұл жоба мұғалімдер мен оқушылар үшін әмбебап экологиялық білім беру қоры ретінде биология, география, физика, химия, өзін өзі тану т.б. бастауыш сынып мұғалімдері және т.б. өз сабақтары мен сыныптан тыс шараларды өткізгенде пайдаланады. Оның материалдары негізінен, 11-15- жастағы балаларға арналған. Солай болса да, дүниежүзіндегі қоршаған орта ахуалы, интерактивті суреттер және танымдық бейнесюжеттер мұғалімге орта буын оқушылары үшін әдістерді дайындау және өткізуге көмегін тигізеді. «Жасыл Пакет - Орталық Азияның мұздықтары» өз ішіне төмендегі мәселелерді қарастыратын оқу материалдарын қосады:
Табиғи орта: Ауа
• Су
• Топырақ
• Биологиялық түрлілік
Ғаламдық мәселелер:
• Климаттың өзгеруі
• Озон қабатының бұзылуы
• Ашу және қышқылдану
• Теңіздер мен мұхиттар
• Таулар мен мұздықтар
• Шөлге айналу
• Жағымсыз әсерлер:
• Урбанизация
• Шу
• Қалдықтар
Құндылықтар:
• Тұтыну қоғамы
• Денсаулық
• Қоршаған орта
Жобаның әрбір тақырыбында ақпараттық материалдар, Ғаламтор-қорларына сілтемелер, бейнеклип, оқушылар үшін тест және ойын-диллема кіріктіріледі. Ақпараттық материалдар құрылымы:
• Негізгі (ғаламдық) контекст; -Еуропалық контекст;
• Аймақтық контекст(Орталық Азия);
• Елдік контекст (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан);
2010-2013жж. бері бүгінгі күні «Орталық Азия үшін Жасыл Пакет» мультимедилық материалдарымен Орталық Азия жерінде 500 астам мектеп жұмыс істейді. Биология, география, физика, химия, экология, өзін өзі тану, бастауыш сынып мұғалімдері және т.б. бұл қорды өз сабақтары мен сыныптан тыс шараларды өткізгенде пайдаланады. Тәжірбие жүзінде апробация «Орталық Азия үшін Жасыл Пакетті» пайдаланудың үлкен мүмкіндіктері «Мейірім» клубына мүше студенттердің 2012-2016 оқу жылы еріктілер ретінде «Эко-клуб» құру жұмысын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырып келеді. «Эко-клуб» құру жұмысын сонымен қатар балалар үйінде пайдаланудың қаншалықты мақсатты және тиімді екендігін байқадық.
Тәжірибемізде «Жасыл Пакет-Орталық Азияның мұздықтары» Жобасы жалпы «Өзін-өзі тану» пәні жиегінде, «Су ресурстары», «Қоршаған ортаның тазалығы», «Биотүрлілік», «Жеке Гигиена» атты 4 - өзекті тақырыптарды қарастыруда бұл материал біздің сабақты ғаламшардағы аса өзекті ақпаратты оқушылар үшін тартымды жеткізуіне көмектесті. Әлеуметтік экология саласы бойынша дайындалған бұл бағдарлама қоршаған ортаның ұзақ мерзімді амандығын сақтау мақсаттарын 5В012300 «Əлеуметтік педагогика жəне өзін-өзі тану» мамандығы бойынша оқитын студенттер арасында «Өзін-өзі тану» пәнімен экологиялық тәжірибелік сабақтарын ықпалдастыра жүргізу жүзеге асырылды. Тәжірибеміз көрсеткендей эко білім мазмұнын «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім мазмұнымен ықпалдастыруға оңтайлы мол мүмкіндіктер бар.
Эко Жобаның оқу бағдарламасына бастауыш мектептің орта білім берудің бірінші сатысында (5-9 сыныптар) қоршаған ортаның амандығын сақтау және өзара ізгілікті қарым-қатынастардың және оны қорғау мәселелерін ашып көрсететін «Су ресурстары», «Қоршаған ортаның тазалығы», «Биотүрлілік», «Жеке Гигиена» атты 4 - тақырыпты терең теориялық және тәжірибелік тұрғыда талдап, жүйелеп қарастырдық. Бірлесе орындаған «Эко-клуб» әрекеттері, бос уақытты ортақтаса өткізу жеткіншекке ересектерді және өзін өзі жаңаша тануына мүмкіндік береді. «Эко-клуб» бағдарламасының педагогикалық-әдістемелік құжаттары, жаңа бағытта жүргізілген жүйелі жұмыстар балалардың табиғатты құндылық ретінде бағалап, қорғай білу дағдыларының қалыптасып дамуына ықпал жасайды.
Зерттеуімізге сәйкес мектеп оқушыларымен жүргізілген эко сабақтар нәтижесінде табиғатқа ізгілікті орта құруға негізделген балалар арасынан «Эко-клуб» құру жұмысын ұйымдастыру іс-әрекетінің мазмұны мен формасы анықталды.


«Эко-клуб біздің өмірімізде» қорытынды конкурсы өтті.


05.12.2016 жылы Дүниежүзілік еріктілер (волонтерлар) күні Алматы каласы білім баскармасы «Халықты экологиялық тəрбиелеу бойынша ic-шаралар өткізу» жобасына сəйкес Алмалы жəне Медеу аудандарының мектептерінде 5В012300 «Əлеуметтік педагогика жəне өзін-өзі тану» мамандығы бойынша «Мейірім» клубы ерікті студенттерінің жетекшілігімен құрылған оқушылардың экоклубтары арасында «Эко-клуб біздің өмірімізде» қорытынды конкурсы өтті. 

«Экоклуб» жобасы аясында 50 мектепте 100 студент бөлініп, әрбір мектеп ішінде экоклубтар құрылды, шешуші тестілеу бойынша конкурсқа қатысушы 10 мектеп іріктеліп алынды.
Конкурстың мақсаты: Өсіп келе жатқан ұрпақтың экологиялық саналарын кеңейту және қалыптастыру
Міндеттері:
- Әлемнің, мемлекеттің экология мәселелеріне оқушылардың назарын аудару
- Оқушылардың табиғатты қорғау тақырыбына деген қызығушылығын арттыру
- Оқушыларды мектептегі эко үйірме жұмыстарына ынталандыру.
«Эко-клуб біздің өмірімізде» қорытынды конкурсын ұйымдастыру және өткізу 2 кезеңде өтті:
бірінші кезең - мектеп аралық мекеме ішінде;
екінші кезең - Абай атындағы ҚазҰПУ базасында.
Финалға шыққан мектептер:
Медеу ауданы бойынша:
1. №19 Жалпы білім беретін мектеп,
2. №33 мектеп лицей,
3. №35 мектеп гимназия,
4. №168 жалпы білім беретін мектеп,
5. №53 жалпы білім беретін мектеп,
6. №99 жалпы білім беретін мектеп,
Алмалы ауданы бойынша:
1. №144 мектеп гимназия,
2. №136 жалпы білім беретін мектеп,
3. №39 мектеп лицей,
4. №75 жалпы білім беретін мектеп,
Екінші турда командалар өздерін «Таныстыру» конкурсында еркін формада таныстырса, «Экотеатр» конкурсында Алматы қаласының эко мәселелері тазалығы туралы сахналық қойылымдар қойды, практикалық конкурста қоқыстарды өңдеу бойынша тест тапсырмалар орындап алған экологиялық білімдеріне қорытынды сайыс жасады.
Қазылар алқасы «Эко-клуб біздің өмірімізде» конкурсы бойыншашешуші қорытынды шығарды:
1 орын
№99 жалпы білім беретін мектеп Медеу ауданы
2 орын
1. №53 жалпы білім беретін мектеп Медеу ауданы;
2. №33 жалпы білім беретін мектеп Медеу ауданы;
3 орын
1. №39 мектеп лицей Алмалы ауданы;
2. №144 мектеп гимназия Алмалы ауданы;
3. №136 жалпы білім беретін мектеп Алмалы ауданы;
Номинация
1. Номинация «Самые Креативные» №19 Жалпы білім беретін мектеп;
2. Номинация «Самые Дружные» №35 мектеп гимназиясы,
3. Номинация «Самые Патриотичные» №75 жалпы білім беретін мектеп;
4. Номинация «Самые Перспективные» №168 жалпы білім беретін мектеп;
Барлық қатысушы студенттер мен оқушылар «ЯркоКросс» марафонына тегін жолдама алды.

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

"Мейірім" клубы "Экоклуб" жобасында

«МЕЙІРІМ» клубының жұмысын ұйымдастырудың экологиялық бағыты бойынша 5В012300 «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының ерікті студенттері «Табиғат қорғаудың әлемдік стратегиясы» деп аталатын, халықаралық мәні зор құжаттардың мақсат, міндеттеріне сәйкес 2012 оқу жылынан бері Алматы каласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу баскармасы және «PosadiDerevo.kz» Pеспубликалық қоғамдық ұйымы ұйымдастырған «Экоклуб» жобасын еріктілер ретінде, Алматы қаласы бойынша Медеу ауданының мектептерінде оқушылар арасында экоклубтар құру арқылы жүзеге асырып келеді.
«ЭКО-КЛУБ» жобасының тұжырымдамалық мақсаты - арнайы әзірленген бағдарламаға сәйкес қоғамды қоршаған орта мен табиғи ресурстардың амандығын сақтауға бағытталған әдістер арқылы (сұрақтар, бақылаулар, ғылыми эксперименттер, ойын карталары, паззлдар, рөльдік ойындар, тренингтер, т.б) оқушылардың экологиялық саналарын, білімдерін тереңдетуге оқыту.
Аудитория оқушылар мен студенттерді біріктіреді
Оқушылар:

• Бағдарлама 7-8 сынып оқушыларына бағытталған;
• Бір экоклуб командасында 10-15 оқушы болады;
• Бағдарламаның жүргізу барысында ата-аналар мен мұғалімдер көмектесе алады;
• Бағдарламаны игерген соң мектепте құрылған экоклубтың 7-8 оқушылары кіші сынып оқушылары арасында жалғастыратын болады.
Студенттер:
• Әдіскер оқытушы ретінде 1-4 курс студенттері қатысады;
• Сабақ орыс және қазақ тілдерінде жүргізіледі;
• 1 команда бойынша экоклуб жетекшісі - 2 студент болады.
Қорытынды конкурс
2016 жылы 05 желтоқсанда өтеді

Бағдарлама:
 Тест, эссе, викторина;
 Эко-театр;
 Экоклубты таныстыру, эмблема, экоклуб атауы;
 Видео-монтаж және оқушылардың экоклуб жұмысы бойынша суреттері;
 Марапаттау. Номинациялар: «Жеңімпаз - мектеп», «Ең үздік студент»;
Жобаның демеушілері мен серіктестері
Жобаны Алматы каласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу баскармасы, Алматы каласы білім баскармасы, «PosadiDerevo.kz» Pеспубликалық қоғамдық ұйымының қолдауымен, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Мейірім» клубының ерікті студенттері жүзеге асырады
2016 жылы «Экоклуб» жобасын Алмалы және Медеу аудандарының әкімшілігі қолдайды
Конкурс:
1. I, II, III орын беріледі;
2. Бағалы сыйлықтар және алғыс хат марапаттары;
3. Барлық қатысушы студенттерге мектеп практикасынан өткенін растайтын сертификат;
4. Номинация
Серіктестіктің келешегі: «PosadiDerevo.kz» Pеспубликалық қоғамдық ұйымының әлеуметтік маңызды жобаларын еріктілер ретінде жүзеге асыру
Сайт: www.posadiderevo.kz

 

«PosadiDerevo.kz» Pеспубликалық қоғамдық ұйымы 5В012300 «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша «Мейірім» клубы студеттеріне әдістемелік семинар сабақтар жүргізілді.

2016 оқу жылдың 15-қазан және 04-қараша күндері аралығында Алматы каласы білім баскармасы «Халықты экологиялық тәрбиелеу бойынша ic-шаралар өткізу» жобасына сәйкес Алмалы және Медеу аудандарының 50-мектептерінде 7-8 сыныптар арасында экоклубтар құру мақсатында «PosadiDerevo.kz» Pеспубликалық қоғамдық ұйымы 5В012300 «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша «Мейірім» клубы студеттеріне әдістемелік семинар сабақтар жүргізілді.
Студенттер Экоклуб жобасында берілген 4 тақырып бойынша (Су айналымы, Қоршаған ортаның тазалығық, Биоəртүрлілік жəне Жеке Гигиена) оқушылардың əр түрлі жас шамаларына бейімделген әдіс түрлерін: (сұрақтар, бақылаулар, ғылыми эксперименттер, ойын карталары, паззлдар жəне рөльдік ойындар) оқушыларға сабақ өту арқылы қолдану технологияларын үйренді. Пайдалану кезінде бұл құралдар оқушылар тарапынан қойылатын сұрақтармен толықтырылады.

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

Алматы қаласы білім басқармасы «PosadiDerevo.kz»

Pеспубликалық қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен 

«Мейірім» клубының ерікті студенттеріне сертификаттар табыс етілді


   2016 оқу жылы 05 қараша күні «Экоклуб» жобасына сәйкес Алматы қаласы білім басқармасы, «PosadiDerevo.kz» Pеспубликалық қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен  5В012300 «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша «Экоклуб» жобасын мектептерде  жүзеге асыру мақсатында эко-әдістемелік білім алған «Мейірім» клубының ерікті студенттеріне сертификаттар табыс етілді.

      Сертификат алған студенттер 7-8 сыныптар арасында экоклубтар құру және экологиялық сабақтар өткізу мақсатында Алматы қаласының Алмалы және Медеу аудандарының 50-мектептеріне бөлінді.

 

«Экоклуб» жобасына қатысушы 5В012300 «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша сертификат алған 1-2-3-4 курс студенттерінің тізімі

 

1.        Жаппасбаева Камшат

2.        Ескелді Балауса

3.        Бектұрған Ұлжан

4.        Боранбай Болдықыз

5.        Асмямова Гульзана

6.        Хамраева Альмира

7.        Сағидуллақызы Алтынай

8.        Шәріп Таншолпан

9.        Хасанова Гүлбахор

10.     Тәжібаева Роза

11.     Үсембекова Қарлығаш

12.     Өлмесова Жансая

13.     Бекмұрат Жібек

14.     Қуандық Ақбота

15.     Сапарханова Балзира

16.     Сағындық Назыгуль

17.     Смаил Алия

18.     Төлеген Арай

19.     Қыдырбай Ақбота

20.     Нүсіпбек Меруерт

21.     Пайзолла Жұлдыз

22.     Ілес Арай

23.     Раимов Суннат

24.     Дүйсенов Ербол

25.     Рысбай Балнұр

26.     Нұрдулла Нұржамал

27.     Сатылған Шынар

28.     Бағдат Динара

29.     Болатбек Ерболат

30.     Жалғас Тоғжан

31.     Сарымсақ Балжан

32.     Кеулімжаева Перизат

33.     Қытайбек Ақерке


34.     Қоланова Айғайша

35.     Нұрболат Гүлнұр

36.     Аманбек  Маржан

37.     Оңай Айдана

38.     Ахмеджан Мөлдір

39.     Убанова Жайна

40.     Кәдірбек Динара

41.     Тәкір Айжан

42.     Талапбек  Арайлым

43.     Серікбай Аида

44.     Алғибай Лаура

45.     Қайратқызы Гүлім

46.     Әмірбек Арина

47.     Ержанова Мира

48.     Айтжанова Айман

49.     Абу Инабат

50.     Ділдабек Нұрсезім

51.     Андасбекова Дана

52.     Әнуарбек Айжұлдыз

53.     Зұлпан Айсұлу

54.     Мысыр Сұңқар

55.     Жазым Гүлсана

56.     Сламбек Әйгерім

57.     Жұмағалиева Алия

58.     Әшірбек Сырға

59.     Абдрахман Назерке

60.     Матаева Фариза

61.     Бердібекова  Қадиша

62.     Әбдірахман Гүлсезім

63.     Құрмашева Наркес

64.     Аблапова Айшигуль

65.     Орынбасарова Жібек

66.     Қуат Абылай


67.     Қанатбаева Ақкерім

68.     Туғанбай Майра

69.     Мажитова Сандуғаш

70.     Махитова Айсана

71.     Узакбаева Ақерке

72.     Сабит  Назерке

73.     Рахымжан  Қасым

74.     Аманжолова Диана

75.     Қазбек Ардақ

76.     Қаплан Жұлдызай

77.     Сатыбалды Сәуле

78.     Жұмақын Назым

79.     Құрманбай Фариза

80.     Төлеген Гүлмира

81.     Құрманғалиева Ақбота

82.     Әбдіхалық Бибарыс

83.     Құрман Ринат

84.     Мырзабек  Ақмоншақ

85.     Базарбаева Ләззәт

86.     Сапархан Балнур

87.     Болатова Жанеркем

88.     Қамзақызы Динара

89.     Нарзуллаева Муниса

90.     Ақбалина Эльвира

91.     Байгайыпова Ботагөз         

92.     Тилешова Мадина      

93.     Жунисбекова Нургуль

94.     Баймолда Айғаным

95.     Құлымжанова Ақмарал

96.     Дүйсен Айгерім

97.     Темірәлиева Замира

98.     Сырлан Диана

99.     Ахметжан Гүлдана

100.  Дәулеткелді Динара

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алмалы және Медеу аудандарының 50-мектептеріне бөлінген 5В012300 «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша ерікті студенттер мектептерде 7-8 сынып оқушыларының арасында экоклубтар құру арқылы сабақ өткізді


2016 оқу жылының 05 қараша-05 желтоқсан күндері аралығында Алмалы және Медеу аудандарының 50-мектептеріне бөлінген 5В012300 «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша ерікті студенттер «Экоклуб» жобасын мектептерде 7-8 сынып оқушыларының арасында экоклубтар құру арқылы, 4 тақырып бойынша (Су айналымы, Қоршаған ортаның тазалығық, Биоəртүрлілік жəне Жеке Гигиена) (сұрақтар, бақылаулар, ғылыми эксперименттер, ойын карталары, паззлдар жəне рөльдік ойындар) сабақ өткізіп, жүзеге асырды.

 


 

 

 

 

 

 

ҒЫЛЫМИ ЖОБА
"БІЛІМ БЕРУДЕГІ ІЗГІЛІК БАСТАУЫ"
(экология бағытында / презентация)

 

 

«АПОРТТЫ ЖАҢҒЫРТУ - АЛМАТЫ ТАРИХЫ АЛДЫНДА ТҰРҒАН ПАРЫЗЫМЫЗ!»
Қайырымдылық акциясы

Ұйымдастырушылар: 

1. «Piko апортты жаңғыртуда!» ұранымен Орта Азия елдеріндегі «Кока-Кола» Компаниясының өкілдігі,
2. Оңтүстік астананың әкімдігі Қазақстанның экологиялық ұйымдары Форумы бірлесіп өткізді.
3. «Мейірім» клубы студенттері

 

«Эко-клуб» Жобасы аясында эко-тәжірибелік семинар

«Эко-клуб» Жобасы аясында 2015 жылдың 11-13 қазан аралығында №159 мектеп гимназиясы оқушыларына «Мейірім» клубының волонтер студенттері: Әбу Баян, Алипова Ақерке эко-тәжірибелік семинар өткізді.

 

«Эко-клуб» Жобасы бойынша Медеу ауданы мектеп аралық
«ЭКО-клуб» Жобасы

Ұйымдастырушылар:
«Histoires Recyclables» - француз елі ҚҚ
«PosadiDerevo.KZ» ҚҚ
«МЕЙІРІМ» клубы

2014 жылдың 20 мамыр күні «Мейірім» клубының волонтер студенттері, Алматы қаласының әкімшілігі, және «PosadiDerevo.KZ» Қоғамдық қорының «Эко-клуб» Жобасы бойынша Медеу ауданына қарасты №12, 19, 28, 29, 33, 35, 56, 159 мектеп оқушыларының арасында «Эко-клубтар» жарыс ұйымдастырылды. №33 жүлделі 1-орынды иеленді, әдіскерлер «Мейірім» клубының студенттері: Бағдатова Назым, Жақсылық Зауре.

 

2014 жылдың 11-13 наурыз аралығында «Эко-клуб» Жобасы аясында Республиканың мектеп оқушыларына экологиялық білім беру бағдарламасы бойынша «Мейірім» клубының волонтер студенттеріне эко-тәжірибелік семинар өткізілді.

 

04.12.2012 ж МЕДЕУ кіші Алматы шатқалында шырша отырғызу шарасы
Ұйымдастыруышлар:Медеу ауданы әкімшілігі,ТЕТРОПАРК компаниясы,ОО"PosadiDerevo.KZ"