қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
18.03.2021

Климаттың өзгеру мәселелері бойынша Азияның тоғыз елінің университеттері өкілдерінің алғашқы кездесуі

 

2021 жылы 18 наурызда «Promoting Teacher Education for Climate Change Education through Collaboration between Asian Centres of Excellence on Education for Sustainable Development» («Тұрақты даму үшін білім берудің азиялық орталықтары арасындағы ынтымақтастық арқылы климаттың өзгеруі бойынша мұғалімдердің білімін ілгерілету») жобасы аясында 9 елдің университеттері өкілдерінің бірінші кездесуі өтті.


Бұл жобаны ЮНЕСКО-ның «Тұрақты даму үшін зерттеулер мен білім беру» бағдарламасының көмегімен Жапониядағы Окаяма университетінің «Тұрақты даму үшін білім беруді жылжыту» орталығы ұйымдастырды. Абай атындағы ҚазҰПУ Окаяма Университеті (Жапония), тұрақты даму үшін білім беруді жылжыту орталығының директоры, профессор Хироки Фудзидан жобаға қатысуға шақыру алды. Бұл жобаны Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті үйлестіреді. Жобаның жұмысы 2024 жылы наурызда аяқталады және нәтижесінде «Климаттың өзгеруіне қарсы білім беру үшін мұғалімдерді даярлаудың азиялық бағдарламалар шеңбері» әзірленеді және Азияның тоғыз елінде: Қытай, Үндістан, Индонезия, Қазақстан, Малайзия, Моңғолия, Филиппин және Таиланд, Жапониядағы тұрақты дамуға білім беру шеберлік орталықтарының ынтымақтастығы арқылы оны тарату бойынша басшылық жасалады. Бірінші кездесу барысында жобаның алғашқы кезеңдерін өткізу мәселелері талқыланып, зерттеу жүргізу әдістері келісіліп, әр елден респонденттер саны анықталды.

 

   

 

   

 

   

 

 

Халықаралық ынтымақтастық департаменті