қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
04.03.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ делегациясының Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасының Елшілігіндегі білім беру орталығымен кездесуі

 

2021 жылы 3 наурызда Абай атындағы ҚазҰПУ делегациясы құрамында Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Маржан Тажиева, Филология және көптілді білім беру институтының директоры Алуа Танжарикова, директорының ғылым жөніндегі орынбасары Алмас Найманбаев және Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының кафедра меңгерушісі Күлсүн Абдрахманова Корея Республикасы елшілігіндегі Білім беру орталығының бастамасымен Орталық директоры Ким Тэхван мырзамен Абай атындағы ҚазҰПУ «Корей тілі мен әдебиеті» мамандығының ашылуы жөніндегі сұрақ бойынша кездесті.

 

Ким Тэхван мырза делегацияны Орталық қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды. ҚазҰПУ делегациясы сонымен қатар университеттің қызметі мен жетістіктері туралы ақпарат берді.

 

Бұған дейін Абай атындағы ҚазҰПУ Корея Республикасы Елшілігінің жанындағы білім беру орталығына корей тілін оқытатын отандық оқытушыларды тартуға және жаңа мамандық бойынша болашақ студенттерге оқу әдебиетін ұсынуға қолдау көрсету туралы ресми хат жолдаған болатын.

 

Кездесу барысында тараптар «Корей тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы, оқытушылар құрамының корей тіліне дайындығы мен қатысуы, осы мамандыққа жаңа талапкерлерді қабылдау және ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

 

Кездесу нәтижелері бойынша Орталық Корея Республикасының Білім министрлігіне ресми хат дайындау туралы шешім қабылдады.

 

   

 

   

 

Халықаралық қатынастар департаменті