Біз туралы | Главная /
Әбдіғапбарова Ұлжарқын Мүсілімқызы
Әбдіғапбарова Ұлжарқын Мүсілімқызы
Ұ.Әбдіғапбарованың 250-ден астам ғылыми-әдістемелік еңбектері жарияланған. Соның ішінде 3 монографияның, 1 тұжырымдаманың, 3 жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттың, 9 оқулықтың, 2 электронды оқулықтың, 15 оқу құралының, 10 әдістемелік құралдың авторы. 2 мақаласы Web of Science, 7 мақаласы Scopus базасындағы нөлдік емес импакт-факторлы журналдарда басылым көрген және Хирша индексіне ие. Сондай-ақ, 10 ғылыми еңбегіне авторлық куәлігі бар. Ұ.Әбдіғапбарованың жетекшілігімен 5 кандидаттық, 7 PhD докторлық диссертация қорғалды. Ұ.Әбдіғапбарова ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2018-2020; 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми бағдарламалар мен жобалар байқауының жеңімпазы, «Дуальді-бағдарлық оқыту - болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлығын жетілдірудің шарты»; «Студентке орталықтандырылған оқытуды цифрлық ортада трансформациялау» атты ғылыми жобалардың жетекшісі. 2021 жылға арналған DAAD халықаралық жобалары аясында «Педагогикалық кәсібилікті дамыту мен білім беруді интернационализациялау» атты Нюренберг-Эрланген (Германия) университетімен бірлестіктегі жобаның Қазақстан Республикасы тарапынан жетекшісі. Ұлжарқын Мүсілімқызы ҚР Білім және ғылым Министрлігінің екі рет «ҚР жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының (2009; 2020) иегері, Министрліктің «Ы.Алтынсарин,«Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «Білім саласының құрметті қызметкері» төсбелгілерімен марапатталған. ← Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|