қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
24.02.2021

Қашықтан оқыту форматында білім беру үрдісін тиімді ұйымдастырудың маңызы

 

2021 жылы 23 ақпанда Филология және көптілді білім беру инcтитуты академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары: профессор Бақтияр Сманов, доцент Рыскүл Бораш, қауымдастырылған профессор Гүлмира Каримова, аға оқытушылар Айжан Юсуп, Шоқан Құттыбаев, Қарлығаш Абиырлардың ұйымдастыруымен «Қашықтан оқыту форматында білім беру үрдісін тиімді ұйымдастырудың маңызы» тақырыбында вебинар өткізілді.

 

Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Нағима Ильясованың құттықтау сөзімен ашылған вебинар жоғары оқу орны мен жалпы білім беретін мектептер арасында тығыз байланыс орнату, әрі университет түлектерімен кәсіби тәжірибе алмасу мақсатында педагогикалық тәжірибеден өтуші студенттерге әдістемелік қолдау көрсету бағытында ұйымдастырылған болатын. Белгілі әдіскер-ғалым, ҚР Ғылым академиясының академигі Бақтияр Сманов кіріспе сөзінен кейін Абай атындағы ҚазҰПУ түлектері, бүгінде кәсіби маман, тәжірибелі ұстаздар, «Үздік жас ұстаз-2019» иегерлері, №177 мектептің «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі Аяулым Абдреш мен № 15 гимназияның «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі Гүлнұр Қайранбек болашақ мамандарға қашықтан оқыту форматында қысқамерзімді жоспарды дұрыс құрастырудың маңызы және цифрлық ресурстар мен түрлі ақпараттық сайттарда жұмыс істеудің жолдары туралы мәлімет берді.