қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
17.02.2021

«Қазақстанда дуалды жүйені енгізу» жобасы жалғасуда


2021 жылы 15 ақпанда KAZDUAL - «Қазақстанда дуалды жүйені енгізу» жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Жоба үйлестірушісі Б. О. Сапарғалиева 2021 жылғы 9 ақпанда онлайн форматта өткен кездесу (Kick-off-meeting) туралы есеп берді.


ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Б.М. Нарбекова, Еуропалық Комиссия агенттігінің жобалық офицері Карло Имарисио мырза, Қазақстандағы Эразмус+ Ұлттық кеңсесінің өкілі, жобалар жөніндегі менеджері А. Мылтықбаева құттықтау сөз сөйледі.


KAZDUAL жобасы шеңберіндегі ақпараттық кездесуінің бағдарламасына ЖОО, консорциум ұйымдары өкілдерінің жобаны басқару жоспары, коммуникациялық жоспар, жобаның қолданылуының үш жылына арналған жұмыс жоспары және іске асырудың бірінші жылына арналған фокус туралы баяндамалары енгізілді. Жобаның жоспарланған нәтижелері мен іс-шаралары, жұмыс пакеттері талқыланды. Тарату жоспарын, сапаны бақылауды және жобаны түзету жоспарын әзірлеу ұсынылды. Тәуекелдерді бағалау және төтенше жағдайлар жоспарлары (COVID жағдайы) анықталды, сондай-ақ жобаны қаржыландыру және серіктестік келісім мәселелері талқыланды. Кездесудің маңызды тақырыбы - есеп беру шарттары, платформа мен жоба сайтын пайдалану. Абай атындағы ҚазҰПУ өкілдері жобаны тарату және пайдалану бойынша 5-Жұмыс пакетін таныстырды.KAZDUAL жобасын іске асыру аясында консорциум дуалды оқытудың икемді тұжырымдамалық моделін әзірлейді, ол нақты өндіріске бағдарланған мамандарды даярлауға мүмкіндік береді, білім беру үрдісіне кәсіпорындардың қатысу үлесін арттырады. Бұл білім беру бағдарламаларының вариативтілігіне ықпал етіп, біздің серіктестеріміз бен жұмыс берушілеріміздің сұраныстарын қанағаттандырады.