қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
12.02.2021

Халықаралық ғылыми жобаның екінші кезеңінің қорытындысы

 

2021 жылдың 11 ақпанда бастауыш мектеп оқушыларының оқу дағдыларын өлшеуге арналған халықаралық ғылыми жобаның қатысушылары (Абай атындағы ҚазҰПУ және Экономика жоғары мектебі, Мәскеу қ.) екі жыл бойы осы зерттеудің бірінші және екінші кезеңдеріне қатысқан мектеп мұғалімдерін вебинарға шақырды. Кездесуге Алматы қаласының 11 мектебінен 40-тан астам мұғалім қатысты.

 

Вебинарда Білім сапасын бақылау орталығының директоры, Экономика жоғары мектебі Білім беру институтының білім беру бағдарламалары департаментінің доценті Елена Карданова сөз сөйледі. Ол «Старт» және «Прогресс» өлшеу құралдарының маңыздылығы туралы айтып, профессор Сәуле Әбішеваның басшылығымен үлкен жұмыс атқарған қазақстандық тараптан жобаға қатысушыларға алғысын білдірді: 2019 жылы 1000-нан астам бірінші сынып оқушысы тексерілді, 2020 жылы (қашықтықтан оқыту жағдайында) 900-ге жуық екінші сынып оқушысы тексерілді.

 

Вебинарды Білім берудегі психометрия және өлшеу орталығының ғылыми қызметкері Инна Антипкина жалғастырды, ол жалпылама кестелер мен диаграммалардың көмегімен қазақстандық педагогтарға алматылық бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын игерудегі елеулі прогреске қол жеткізген зерттеу нәтижелерін көрсетті.

 

Вебинарда сөз сөйлеген мұғалімдер халықаралық жобаға қатысушыларға бағалаудың объективті құралын алу мүмкіндігі үшін алғыс айтып, ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдірді. Мұғалімдер аталмыш құралды қолданудың арқасында қазіргі екінші сынып оқушыларының бастауыш мектептің соңына қарай қалай оқи алатын нәтижесін білгісі келетіндігі жайлы пікірлерін айтты. Жобаға қатысқан барлық мұғалімдерге атаулы сертификаттар, ал мектеп директорлары мен меңгерушілеріне алғыс хаттар табыс етілді.

 

Кездесуді қорытындылай келе, орыс тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сәуле Әбішева қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін өлшеу құралын жасауды қамтитын жоба бойынша жұмысты жалғастыру Қазақстандағы білім беру жүйесін дамытуға өте маңызды үлес қосатынына сенім білдірді.

 

   

 

   

 

   

 

Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы