қазақша · русский · english
   
Біз туралы

Кафедраның мақсаты мен міндеттері

Салауатты өмір сүру ұстанымын бетке алған университет жастарының спорттық іс-шаралар мен жарыстардағы жетістіктері елеулі.
Осыған орай, Елбасының жыл сайынғы Жолдауы, «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» стратегиялық бағдарламасы, «Спорт туралы Заң», 2010-2020 ж.ж. арналған Қазақстан Республикасындағы білімді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы және т.б. қаулы-қарарлары, өкімдері дене шынықтыру мен спорт саласын одан әрі дамыта түсуде.
Бүгінгі таңда Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті «Сауықтыру дене мәдениеті» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., профессор Ә.Ж.Тастановтың басшылығымен осы мақсатта орындап жатқан еңбектері ауқымды. Құрамында 2 п.ғ.к., профессор, 8 п.ғ.к., доцент, 1 б.ғ.к., доцент, 1 магистр, 3 Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы, 2 халықаралық дәрежедегі спорт шебері бар кафедра ұжымы дене шынықтыру және спортты одан әрі жақсарту мақсатында Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап, алдына келесідей міндеттерді қойған:
1. Университет студенттерінің арасында дене шынықтыру сабағын өткізу сапасын арттыру, сабаққа жаңа инновациялық әдістерді енгізу, арнайы медициналық топтардағы студенттерге бейімделу, қайта қалпына келтіру жаттығуларын орындау арқылы денсаулықтарын жақсарту, негізгі топ қатарына қосу.
2. Кафедра ұжымының ұйымдастыруымен университетте 22 спорт түрлерінен (волейбол, баскетбол, футбол, футзал, бокс, еркін күрес, қазақ күресі, каратэ-до, таэквондо, жеңіл атлетика, үстел теннисі, самбо, гір спорты, черлидинг, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, кикбоксинг, бадминтон, шаңғы, дзюдо, жағажай волейболы) үйірмелері жұмыс істейді. Ондағы жаттықтырушы-оқытушылардың негізгі мақсаты: спорт үйірмелеріне қатысатын студенттер санын үнемі көбейтіп тұру, тәрбиелік мәні бар, бұқаралық сипаттағы әртүрлі деңгейдегі (факультет, институтаралық, қалалық, облыстық, т.б.) жарыстарды ұйымдастыру, ұлттық спорт түрлерін насихаттау, оны студенттер арасында одан әрі дамыту.
3. Республика ЖОО-дары арасында өтетін қысқы және жазғы Универсиада жарыстарына спорт түрлері бойынша өнер көрсетуші ізбасарларды, құрама командаларды даярлауға ат салысу. Университет атынан спорт түрлерінен Әлем, Азия, Еуропа және Дүниежүзілік Универсиада жарыстарына қатысуға құрама команданы жасақтауға қатысу.
4. Осы сала бойынша кәсіби бағдар жұмыстарын жандандыра беру.
5. Дене шынықтыру және спорт сабақтарының сапасын арттыруға елеулі үлесін қосатын ғылым саласындағы тақырып пен бағыттарға қатысты ғылыми мақалалар жариялау, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Кафедрада жыл сайын 100-ге жуық спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіліп, оған 5000-ға жуық студент жастар мен профессор-оқытушылар құрамы қатысады. Сабақтан тыс уақытта жоғарыда көрсетілген спорт түрлері бойынша үйірмелерге студенттер мен профессор-оқытушылар құрамы қамтылуда.

Мамандар құрамы

«Сауықтыру дене мәдениеті» кафедрасы бойынша 2014/2015 оқу жылында 24 оқытушы-профессорлар жұмыс атқарады, жалпы пайыздық көрсеткіші 55,5% құрайды. Оның ішінде:
2-п.ғ.к.,профессор, университет профессоры (Тастанов А.Ж., Сакаев Б.А.)
1-п.ғ.к., ЖАК доценті (Сейсенбеков Е.К.)
1-б.ғ.к., ЖАК доценті (Абишев А.Р.)
2-п.ғ.к., аға оқытушы. (Абишев К.С., Бекмуханбетов Б.К.)
1- ЖАК доценті (Дауленбаев М.Т.)
2-п.ғ.магистірі (Аязбаев Б.Ж.,Тугелбаев Е.Н.)
2-университет доценті (Ахметов К.М.,Балтабаев Е.Ж.)
7 аға оқытушы (Ашимханов Г.Р.,Селиванюк В.А.,Иралина М.М.,Меңдіғалиева Ш.Ә.,Сейдуалиев Ж.Т.,
Ерубаев Н.У., Максутов Б.М.)
5-қосалқы жұмыста оның ішінде: 4-0,5, 1-0,25 штаттық бірлікте жұмыс атқарады.
Кафедрадағы барлық оқытушылардың базалық білімдері бар. Орташа жас көлемі 45-47 жасты құрайды. Мемлекеттік тілде сабақ өткізетін оқытушылардың саны 17 адам.