қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Мошқалов Алтынбек Қошқарбайұлы

Мошқалов Алтынбек Қошқарбайұлы

Мошқалов Алтынбек Қошқарбайұлы - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология институтының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, доктор PhD.
2005 - 2007 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «6M011100-Информатика» мамандығы бойынша магистратураны бітіріп, «Информатика магистрі» академиялық біліктілігі мен дәрежесі берілді.
2008 жылдан бастап, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, физика-математика факультеті, «Оқытудың ақпараттық жүйелері» кафедрасында информатика пәнінің оқытушысы қызметін атқарды.
2010-2013 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Магистратура және PhD Докторантура институтының «6D010300 - Педагогика және психология» мамандығы бойынша докторантураны бітірді.
2013 жылы «Студенттердің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану негізінде өзін-өзі шығармашылықпен дамытуы» тақырыбы бойынша докторлық диссертация қорғап, доктор PhD ғылыми дәрежесі берілді.
А.Қ. Мошқаловтың 25 астам мақалалары, 2 оқу-әдістемелік құралдары жарық көрді. Мақалалары отандық және шет елдік басылымдар шыққан. Сондай - ақ, Scopus, Thomson Reuters журналдарында да мақалалары жарық көрген.


← Кері оралу