Біз туралы | Главная /
Кенжебаев Ғабит Қапезұлы
Кенжебаев Ғабит Қапезұлы
1962 жылы 9 маусымда Гурьев (қазіргі Атырау) облысы Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылында дүниеге келген. 1983 жылы Гурьев (қазіргі Атырау) педагогикалық институтының тарих-филология факультетін үздік дипломмен аяқтап, тарих және қоғамтану пәндерінің мұғалімі мамандығын алды. Еңбек жолын 1983-1984 жылдары Мұқыр орта мектебінде тарих пәнінен сабақ беруден бастады. 1984-1986 жылдары Гурьев педагогикалық институтының Қазақ КСР тарихы кафедрасының стажер-зерттеушісі. 1986 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының аспирантурасына түсіп, 1987-1988 жылдары Кеңес армиясы қатарында әскери борышын өтеді. 1991 жылы аспирантураны аяқтап, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының Қазақ КСР тарихы кафедрасына жұмысқа орналасты. 1994-1996 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогикалық университеті тарих факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс жасады. 2001-2006 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Арнайы тарихи пәндер және оқыту технологиясы» кафедрасының меңгерушісі. 2006 жылдың қараша айынан аға ғылыми қызметкер міндетін атқаруға ауысып, докторлық диссертация тақырыбы бойынша ізденіс жұмыстарын жүргізді. 2008 жылдың қыркүйегінен «Тарихты оқыту теориясы мен технологиясы» кафедрасы меңгерушісі міндетін атқаруға тағайындалды. Ғ. Кенжебаев 1997-2005 жылдары 07.00.02 - Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы) мамандығы бойынша кандидаттық және докторлық диссертация қорғайтын Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы, 2009 жылдан осы кеңес төрағасының орынбасары міндетін атқарды. 2009 жылдың қыркүйегінен Тарих факультетінің деканы. 2012 жылдың қыркүйегінен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық универсиететінің оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры. Ғ. Кенжебаевтың ғылыми қызығушылығының бағыты Қазақстанның мәдени даму тарихының проблемалары. 100-ден аса еңбектердің авторы, оның ішінде 2-монография, 3-оқулық, 8-оқу құралдары. «Қазақстан ғылымы: тарих. тәжірибе. проблемалар» (1970-1990 жж.)-тақырыбында тарих ғылымдарының кандидаты, «Жоғары білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясат және оның Қазақстан Республикасында жүзеге асуы. Тарихи талдау (1985-2005жж.)» тақырыбында 07.00.02 - Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы) мамандығы бойынша тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. Ғ. Кенжебаевтың жетекшілігімен 2 ғылым докторы, 1 ғылым кандидаттары даярланған. Ғ. Кенжебаев 2010 жылғы «ҚР ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегері. Марапаттары: «Құрмет» ордені (2015ж.), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы (2008ж.), «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі (2011ж.), «Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне 20 жыл» мерекелік медалі (2012ж.), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі (2015ж.),«ҚР тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі (2016 ж.).
← Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|