Негізгі бет
Жаңалықтар
18.01.2021 2020-2021 оқу жылының 2 жартыжылдықта оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша вебинар
2021 жылы 15 қаңтарда Тарих және құқық институты «Құқықтану» кафедрасы «5В030100 - Құқықтану» және «5В011500-Құқық және экономика негіздері» мамандықтарының 1-4 курс, қазақ және орыс бөлімдерінің студенттеріне «2020-2021 оқу жылының 2 жартыжылдықта оқу үдерісін ұйымдастыру туралы» тақырыбында вебинар өткізді. Кафедра меңгерушісі Ермек Бөрібаев білім алушыларды алдағы оқу үдерісі туралы хабардар етті. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарған кезде 1 курс студенттері наурыз айында оқуға шақырылатыны атап өтілді. Барлық студенттер белсенділік танытып, өздерін қызықтырған тақырыптарда сұрақтарын қойды.
|