қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
14.01.2021

Тарих және құқық институтында студенттермен онлайн-кездесу өтті


2021 жылдың 13 қаңтарында Тарих және құқық институты академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасы 1-4 курс студенттерінің қатысуымен «Университетте 2020/2021 оқу жылында көктемгі семестрді ұйымдастыру туралы» вебинар өткізілді. Кафедра меңгерушісі Бауыржан Жангуттин 2020/2021 оқу жылының Академиялық саясаты мен күнтізбесіне сәйкес көктемгі семестр бойынша оқу үдерісінің онлайн-форматта және жоспарлары ұйымдастырылғаны туралы хабарлады. Сондай-ақ, санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарған кезде ағымдағы жылдың наурыз айында студенттер оқуға шақырылатындығы ескертілді.