қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
29.04.2016

2012 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ мен Хубей технологиялық университетінің (Ухань, ҚХР) арасында «Информатика», «Қытай тілін оқыту» мамандықтарының магистр дәрежесінде қосдипломды бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында ынтымақтастық шарттына қол қойылған болатын. Аталған бағдарлама негізінде 2015 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ 8 студентіне магистр дәрежесі берілді.
Ағымдағы жылдың 6 сәуірінде ынтымақтастықты қолдау және дамыту мақсатында Абай атындағы ҚазҰПУ оқу ісі жөніндегі проректоры, ф.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі А.Т. Құлсариева мен Хубей технологиялық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры Чжанг Иынгжианг өкілдерінің кездесуі ұйымдастырылды. Кездесу барысында профессор Чжанг Иынгжианг ХТУ тарихын, университеттің құрылуы, өсуі, өркендеуі және қазіргі таңдағы білім беру бағыттары мен деңгейіне тоқталып, Ұлы Жібек жолы бойындағы мемлекеттердегі (соның ішінде Қазақстан Республикасы) жоо жан-жақты байланысты дамытып, ынтымақтастық бағытында жұмыстар атқарылатына үміт білдірді. Абай атындағы ҚазҰПУ оқу ісі жөніндегі проректор А.Т. Құлсариева университетіміз туралы қысқа мағлұмат беріп, ҚазҰПУ мен ХТУ серіктестіктігінің келешегі туралы ой қозғады. Қазіргі таңдағы екі университет арасындағы берік негіздегі ынтымақтастықтың оң тәжірибесіне сүйене отырып, профессор А.Т. Құлсариева алдағы кеңейтілетін өзара тиімді академиялық байланысқа үміт білдірді.
Қосдипломды білім беру бағдарламасының академиялық және қаржы мәселелері туралы пікір алмасып талқылағаннан кейін университет өкілдері «Информатика», «Қытай тілін оқыту», «Өнер мен дизайн» мамандықтарының бакалавр дәрежесінде қосдипломды білім беру бағдарламасының шартына қол қойды.
Абай атындағы ҚазҰПУ өкілдері сапар барысында Индустрияландырылған Дизайн, Өнер мен Дизайн Мектептерімен, Жеңіл өнеркәсіп факультетінің лабораториясы мен Күн энергиясын тиімді пайдалану Хубэй Инновациялық Орталығымен танысып қайтты.

 

  

 

Халықаралық ынтымақтастық басқармасы