Негізгі бет
Жаңалықтар
17.11.2020 Қашықтан оқыту кезінде студенттердің креативті ойлауын қалыптастыру
2020 жылдың 16 қарашасында университетіміздің Жаратылыстану және география институтының магистранттарының ұйымдастыруымен «Қашықтан оқыту кезінде студенттердің креативті ойлауын қалыптастыру» онлайн-кездесу болып өтті. Кездесуге «7М0510 - Химия», «7М05301-Химия» білім беру бағдарламаларының 2-ші курс магистранттары, педагогикалық тәжірибе жетекшілері: Жанар Қорғанбаева, Динарa Қасымбекова, педагогикалық практикаға жауапты тұлғалар Гүлжанат Камиева; Нұрсұлу Жусупбекова, оқу үдерісін басқару бөлімінің басшысы Жазира Мұқатаева қатысты. Кездесу барысында алдымен магистранттар педагогикалық тәжірибе барысынан қысқаша видео көрсетіп, тәжірибе барысында қашықтан оқыта отырып, тиімді пайдаланған онлайн оқыту бағдарламаларымен («Zoom», «MO Power point», «10 үздік бағдарлама», «үздік әдіс-тәсілдер» «Teams», «Kahoot», «Google Classroom», «Froguts», «Science Friday») таныстырды.
Сонымен қатар магистранттар тәжірибе барысында кездескен қиындықтарды да атап өтіп, осындай тәжірибеден өтуге мүмкіндік берген және өз ақыл - кеңестерімен, тәжірибелерімен бөлісіп, бағыт - бағдар берген ұстаздар қауымына үлкен алғыстарын білдірді. Кездесу соңында тәжірибе жетекшілері қорытынды сөздерін айтып, магистранттардың жұмыстарына оң бағасын беріп, жылы лебіздерін білдірді.
Жаратылыстану және география институты |