қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
02.11.2020

«Дүниедегі ең үлкен байлық» кітабының тұсаукесері

 

2020 жылдың 30 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі дайындық факультетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, ұлағатты ұстаз, Қазақстан Республикасының Журналистер одағының мүшесі Рыскен Рахимқызы Әбішеваның «Дүниедегі ең үлкен байлық» кітабының тұсаукесері өтті.

 

Тұсаукесерге көрнекті жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, М.Қашқари атындағы «Түрік әлеміне сіңірген аса зор еңбегі үшін» Халықаралық сыйлығының иегері, профессор Сәбит Досан, Қазақстан Республикасының салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының төрайымы- Светлана Иманқұлова, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты Құралай Аққошқарова, сонымен қатар - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Алтынай Тымболова қатысып, сөз сөйледі.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Академиялық мәселелер жөніндегі проректор м.а. Асан Сатмырзаев қатысып, ұлттық құндылықтарды жинаған, рухани дүниесі бай, ішкі жан дүниесі жыр мен сырға толы, ішкі әлемі кең автордың қаламынан туындаған «Тірі жүріп көргеннің бәрі қызық», «Тасыған өмір, жасыған көңіл», «Дүниедегі ең үлкен байлық» кітаптары мен көптеген естелік-әңгімелерінің келешек ұрпаққа тәрбиелік, рухани маңызы бар шығармалар екеніне тоқтала отырып, Рыскен Рахымқызы Әбішеваға университет тарапынан сый-сияпаттар жасалынды.

 

Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының төреайымы Светлана Иманқұлова Рыскен Рахымқызына ҚР Прьемер-Министрі Асқар Маминнің «Алғыс хатын» және «Еңбек даңқы» төсбелгісін табыстады.

 

Іс-шара соңында факультет деканы ГалияТаубаева ұлағатты ұстаз, ҚР Журналистер одағының мүшесі Рыскен Рахымқызы Әбішеваның ұлт жанашыры, өз ұлтының әдебиеті мен мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпын қастерлей білетін, өз елінің тағдырына, болашағына алаңдайтын, оған шын жаны ашитын, әсіресе жас ұрпақтың келешегіне, тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетін қазақ халқының патриот қызының еңбегіне тоқталды. Автордың 65 жас мерейтойымен құттықтай отырып, оған зор денсаулық, таусылмас қайрат пен күш, отбасына амандық тіледі.

 

   

 

   

 

   

 

Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті (Foundation)