Негізгі бет /
Хабарландыру
15.04.2013
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІ Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 31 мамыр 2013ж. «Мәдениетаралық қарым-қатынас негізінде көптілді білім беру: когнитивті-концептуалдық аспектісі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. Конференцияға Қазақстанның және шетелдің көрнекті ғалымдары (ЕО елдері, ТМД елдері, АҚШ, Шығыс және Азия мемлекеттерінің өкілдері), Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының өкілдері, «Нұр Отан» ХДП өкілдері және дипломатиялық корпус өкілдері қатысады. Конференцияға қатысуға жалпы білім беру мекемелерінің, қосалқы кәсіби білім беру мекемелерінің педагог мамандары, жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлері мен оқытушылары, докторанттар, магистранттар мен қоғам қайраткерлері шақырылады.
Өтетін орыны: Алматы қ., Достық к. 13, үлкен мәжіліс залы (225дәрісхана) Абай атындағы ҚазҰПУ бас оқу ғимараты Қатысушыларды тіркеу бас оқу ғимаратының екінші қабатында сағ. 9:00- 10:00 жүргізіледі.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
Конференция жұмысына қатысу жолдары: - пленарлық мәжілістегі баяндама - секциялық мәжілістегі баяндама, конференция жұмысына баяндамасыз қатысу - конференцияға қатысусыз баяндама жіберу - шеберлік-сыныптарын өткізу
Ғылыми мақаланы рәсімдеуге қойылатын техникалық талаптар: Жұмыс тілі: қазақ, орыс, ағылшын. 1. Баяндама мәтіні компьютерде Мicrosoft Word редакторында терілуі тиіс, көлемі 6 бетке дейін басылып немесе fiyaimo@mail.ru электронық поштаға жіберілуі керек. 2. Мәтіннің техникалық безендірілуі: қарпі - Тimes New Roman, кегль 14, қатараралық қашықтық - бірлік, ақжолақ шегі: сол жақ-3см, жоғарғы, төменгі және оң жақ-2см., азатжол шегі стандартты (1,27см.) 3. Автордың аты-жөні, мекеме аты - жол ортасында; 4. Баяндама тақырыбы бас қою әріптермен төменгі жол ортасына орналастырылады; 5. Ғылыми деректерге сілтемелер мақала мәтінінің соңында көрсетілген қолданылған әдебиеттер тізіміне сәйкес, көрсетілуіне қарай реттік нөмірмен тік жақшаларда көрсетіледі. Мақала соңында ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде аңдатпа болуы тиіс.
Конференцияға қатысушылар үшін төленетін ұйымдастыру жарнасы 2500 теңге (шетелдік қатысушылар үшін тегін). Төлемақы туралы квитанцияның көшірмесін 2013 жылғы 11 мамырға дейін ұйымдастыру комитетіне салып жіберулеріңізді өтінеміз. Конференцияға келумен байланысты шығындар қатысушылар мен жіберуші ұйымдар тарапы есебінен жүзеге асырылады. Мақала үшін төлемақыны аударуға арналған есептік шот РГП «Казахский национальный педагогический университет имени Абая» 050010, г. Алматы, пр. Достык, 13 ИИК KZ178560000000086696 «Банк Центр кредит» г. Алматы КБЕ 16 БИК KCJBKZKX РНН 600900529562 Ұйымдастыру комитеті көрсетілген уақыттан кейін түскен және талапқа сай рәсімделмеген материалдарды қабылдамауға құқылы. Материалдар авторға кері қайтарылмайды.
Конференцияға қатысу шарттары: Қатысу туралы өтініш пен материалдарды 2013 жылдың 11 мамырына дейін мына мекенжайға жіберу сұралады: 050010, Алматы қ., Казыбек би к-сі, 28, Абай атындағы ҚазҰПУ шет тілдері және халықаралық қатынастар факультеті, №1 каб, комитетінің телефондары 8(727)2914063, электрондық пошта fiyaimo@mail.ru: 1. Талаптарға сай рәсімделген баяндама мәтіні 2. Автор туралы мәліметтер көрсетілген үлгіде болуы керек (қосымшада)
Автор туралы мәлімет 1. Тегі, аты-жөні___________________________________________________________ 2. Ғылыми дәрежесі, атағы__________________________________________________ 3. Ұйымы, лауазымы_______________________________________________________ 4. Мекенжайы, телефон/факсы_______________________________________________ 5. Е-mail__________________________________________________________________ 6. Баяндама тақырыбы______________________________________________________ 7. Конференция тақырып бағыты_____________________________________________ 8. Ұйымдастыру комитетінен шақыру қажеттілігі_______________________________ Егер шақыру қажет болса, хат жіберілетін мекеме немесе бөлімше басшысының тегін, аты-жөнін, лауазымын, ғылыми дәрежесі мен атағын, факс нөмірі міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
|