қазақша · русский · english
 
 
 
 Ошанова Нұржамал Тұрашқызы
Кафедра меңгерушісі
Педагогика ғылымдарының кандидаты, Қаумдастырылған профессор
Төле би көшесі, 86
 8-727-261-15-76; 8-701-655-48-28
n.oshanova@abaiuniversity.edu.kz

 

Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасы 1984 жылы ашылып, есептеуіш математика және дифференциалдық теңдеулер кафедрасы деп аталған. Оны Абай атындағы ҚазПИ-дің бұрынғы ректоры ҚазССР ҒА корреспондент-мүшесі, профессор К.А. Қасымов басқарған. Оның жетекшілігімен кафедра құрамында белгілі ғалымдар Иркегулов Ш.Т., Жаңбырбаев Б. С. (1928-2007), Ахметов М. Ж., Накесбеков Б. К., Гольцер Я.А., Медеуов Е. У. қызмет атқарды.

 

1987 жылы кафедра информатика және есептеу техникасы деп аталып,1993 жылдан бастап информатика және қолданбалы математика, кейінірек информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасы болып өзгертілді.

 

1985-2020 жылдар аралығында кафедраны информатика және білімді ақпараттандыру саласындағы ұлттық ғылыми мектептің негізін қалаушы профессор Е.Ы. Бидайбеков басқарды.

 

2020 жылдың қазан айынан бастап педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Н.Т. Ошанова басқарып келеді.

 

Бүгінгі таңда кафедра келесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлайды:

Бакалавриат:

6В01507 - Информатика;

6В01508 - Информатика ағылшын тілінде;

6В01509 - Информатика және робототехника;

6В06102 - Ақпараттық жүйелер.

Магистратура:

7М01507 - Информатика;

7М01508 - Информатика ағылшын тілінде;

7М06102 - Ақпараттық жүйелер.

Докторантура:

8D01507 - Информатика;

8D06102 - Ақпараттық жүйелер.

- Қосдипломдық магистрлік бағдарлама:

«Білім беру қызметін цифрландыру технологиясы» (желілік форма), Абай атындағы ҚазҰПУ және В.П. Астафьев атындағы КМПУ-мен (Ресей, Красноярск) .

 

«Педагогикалық білім беру әлеуетін күшейту» жобасы аясында «Информатика» және «Цифрлық педагогика» (магистратура) білім беру бағдарламаларын әзірлеу көшбасшысы (2023 жылдан енгізілу жоспарлануда).


Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының негізгі ғылыми-зерттеу бағыттары:

- Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі;

- Білім беруді цифрландыру;

- Робототехника және мехатроника;

- Білім берудегі STEM тәсілдер;

- Ақпараттық жүйелер;

- Білім берудегі жоғары технологиялар.