қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Бекбаева Зейнеп Нусиповна

Бекбаева Зейнеп Нусиповна

 

Қысқаша өмірбаян  

Бекбаева Зейнеп Нүсіпқызы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Дефектология» мамандығы бойынша үздік бітірген, педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы. 2008 жылы 13.00.08 - Кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады. 60 аса ғылыми мақаласы жарық көрген, оның ішінде: 1 мақала импакт-фактор (Scopus) базасына енген шетелдік басылымдарда, 5-оқу құралдары, соңғы жылдары жарық көрген екі оқу құралын (Әлеуметтік психология-2016ж; Басқару психологиясы - 2018ж) атап өтуге болады, 5В010500-Дефектология мамандығы бойынша типтік бағдарламалар жарыққа шыққан.

Зейнеп Нүсіпқызы өзінің кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп отырады: «Назарбаев Зияткерлік мектептері», Педагогика шеберлік орталығы, «Өрлеу»    ұйымдастырған курстар мен педагог қызметкерлерінің біліктілікті арттыру  курстарын атап өтуге болады.

Жұмысқа деген жоғары жауапкершілігі мен жетістіктері үшін бірнеше рет университеттің мақтау қағаздарымен, 90 жылдық мерейтойға арналған төсбелгімен  марапатталды. Сонымен қатар университеттің, институттың және кафедраның қоғамдық жұмыстарына белсене қатысады: ҚР Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің білім беру мекемелерін тексеруге тартылған мамандар құрамында жұмыс тобының мүшесі; 5В010500-Дефектология мамандығы бойынша Мемлекеттік аттестациялау комиссиясының мүшесі; кафедрада оқу-әдістемелік жұмыстарына жауапты. Сонымен қатар эдвайзер, тәрбие жетекшісі.

 

БІЛІМІ

Білім беру мекемесі

Біліктілігі

Аяқтау мерзімі

Алматы архитектура-құрылыс академиясы

Құрылыс-инженері

27.06.1995 жыл

Абая атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

Дефектолог, сурдопедагог

30.06.2005 жыл

 

 

 

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Ғылыми дәреже аталуы

Ғылым бағыты

Диплом алу мерзімі

Педагогика ғылымдарының кандидаты

13.00.08 - Кәсіби білім берудің теориясы мен әдістемесі

27.11.2008 жыл

 

 

 

 

Сабақ беру пәндерінің аталуы (деңгей бойынша)

1.ЖОО арнайы пәндерді оқыту әдістемесі (магистратурада)

Бакалавриатта

1.Арнайы педагогика

2.Инклюзивті білім беру

3.Әлеуметтік педагогика мен психология негіздері

4.Бағалаудың критериалды технологиясы

5.Есту қабілеті зақымдалған балаларды әлеуметтік-психологиялық қолдау

6.Көру қабілеті зақымдалған балаларды әлеуметтік-психологиялық қолдау

7.Есту қабілеті зақымдалған тұлғаларды әлеуметтендіру

8.Көру қабілеті зақымдалған тұлғаларды әлеуметтендіру

9.Күрделі кемістігі бар балалардың психофизикалық ерекшеліктері

10. Мектепке дейінгі арнайы педагогика

 

Ғылыми жұмыстары (маңызды 5-уі)

1.О профессиональной компетентности бакалавра специального образования БГУ жарчысы Вестник БГУ №4(30) 2014 г., 183-185 с.с.

2.Педагогика, психология и технологии инклюзивного образования. Халықаралық ғылыми-педагогикалық журнал Ізденіс гуманитарлық ғылымдар сериясы №2/2014 ж., 250-256 б.б.

3. Education Quality in Kazakhstan in The Context of  Competence-Based Approach

International Journal of Environmental & Science Education (Turkey), - стр.3423-3435. 0,326

ISSN 1306-3065.

4. The ways of forming sound pronunciation skills for children with hearing impairment //Абай атындағы ҚазҰПУ, Хабаршы, «Арнайы педагогика» сериясы №4(43), 2016 ж, 64-65б.

5. Psychological components of happiness and creativity /Материалы международного конгресса психолога, 28 июля - 1 августа 2018 г., город Иокохама (Япония)

 

Ғылыми-әдістемелік жұмыстар (маңызды 5-уі)

1.Сөйлеу тілі зақымдалған баланың мотивациялық сферасының дамуына ата-аналардың ықпалы Методический сборник ІV Международной Летней Школы журналистики и коммуникации

«Информационно-грамотное население в эпоху цифровой цивилизации: инвестирование в девочек-подростков» с.Бостери, Кыргызстан, 9-11 августа 2016 г.,  Алматы «Қазақ университеті», 2017, стр 46-52

2. Тұлғаның дамуындағы әлеуметтенудің рөлі / Международная ХІІІ научно-практическая конференция «Новейшие научные достижения». 15-22 марта 2019 г., София  (Болгария), 90-94 стр.

3. Әлеуметтік психология. Оқу құралы. Алматы «Қазақ университеті», 2015 ж., 475 бет

4. Басқару психологиясы. Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті, 2018. - 452 б.

5. Әлеуметтік педагогтың әлеуметтік-педагогикалық технологияны таңдау және жүзеге асыру қызметінің ерекшеліктері. /Материалы ХІІ международной научно-практической конференции. Прага, 22-30 января, 2020 г., 72-74стр.

МАРАПАТТАРЫ

«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 90 жыл»  мерекелік медалі, 13.12.2018 жыл

 

 

 

 


← Кері оралу