қазақша · русский · english
   
Халықаралық қызмет

 

       Түркияның Анкара қаласында 21-27 маусымда Түркі ұлыстарының "2017 Turk Dili Yili" құрылтайы өтті. Онда 33 елден 250 ғалым қатысып, баяндама жасады. Түркия елінің Президенті Редже́п Тайи́п Эрдога́нның қолынан 10 адам "Түркі тілінің дамуына үлес қосқан ғалым" марапатын алды. Солардың ішінде Түркия, Англия, Германия, Оңтүстік Корея, Әзірбайжан және Қырғызстан ғалымдары бар. Қазақстаннан осы марапатты Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Гүлбану Қосымова иемденді.

 

 


 

 

Жалпы тіл білімі кафедрасы 6D020500 - Филология, 6D021300 - Лингвистика мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалатын диссертациялық жұмыстарға ғылыми жетекшілік жасауды ұйымдастыру мақсатында Польшаның Адам Мискеевич атындағы Познань университеті, Польшаның Ольштын университеті, Түркияның Стамбул университеті, Анкара қаласындағы Гази университеті, Измир қаласындағы Еге университеті, Австрияның University of Education Linz, Austria Dr. Hans Schachl университеті, Ресейдің Мәскеу мемлекеттік облыстық университетімен тығыз байланыста жұмыс істейді.
Білім беру қызметкерлерінің кәсіби біліктіліктілігін көтеру, магистрант, докторанттарды тағылымдамадан өткізу максатында Индияның Дели университеті, Францияның Конкорд халықаралық академиясы, Португалияның Instituto Superior de Engenharia do Porto университеті,Түркиядағы Гази, Мугла Сыткы Кочман, Нийде, Стамбул Йылдыз т.б. университеттерімен келісімшарт жасасып, оқу және ғылым салаларында тығыз байланыстар орнатқан. Ғылыми тәжірибе алмасу мақсатында Қырғызстандағы Жүсіп Баласағұн атындағы қырғыз ұлттық университетімен, Қытай Халық Республикасы Іле педагогикалық университетімен, Миндзу (Ұлттар достығы) университетімен және Үрімші қаласы Шыңжаң университетімен, Үндістандағы Дели университетімен келісім шарттар жасалды.
Кафедраның оқытушы-профессорлары Республикалық Өрлеу біліктілікті арттыру институтының бағдарламасы бойынша Португалия, Германия, Англия мемлекеттерінде болып, білімдерін жетілдіріп, шеберліктерін шыңдап қайтты.
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы Түркия, Ресей, Греция, Польша, ҚХР (Іле педагогикалық университеті), Вьетнам, Қырғызстан, Германия, Болгария, Украина, Австрия, Үндістан алыс-жақын шетелдермен байланыс орнатып, оларда болған халықаралық конференцияларда баяндама жасап, ғылыми-практикалық тәжірибие алмасып, аталған елдерде мақалаларын жарыққа шығарып отырады.

Фил.ғыл,докторы, профессор Хулия Касапоғлы Ченгел Туркия,Анкара қаласы, Гази университеті Филология институты ПОҚ және PhD және магистрантарға дәріс беруде 2015 жыл.

 

 

2016 жыл 19 қарашада, Филология және көптілді білім беру институтының директоры ф.ғ.д., профессор Б.Әбдігазиұлының, Жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.д.. профессор Қ.Ө.Есенова және ф.ғ.д., профессор Г.С.Қосымованың ұйымдастыруымен Филология және көптілді білім беру институтының ПОҚ, студентеріне, магистрант, докторанттарына Бейжін Ұлттық орталық университетінің (Қытай) профессоры, филология ғылымдарының докторы Еркін Ауғали «Көне түркі және шағатай» тілі» атты тақырыпта дәріс оқыды. Дәрісті түркі дүниесіне байланысты тың деректер айтылды. Дәріс 19.11.2016 жыл мен 04. 12.2016 жыл аралығында жалғасады.